» » Өмірдің шарты – күрес

Өмірдің шарты – күрес

Аурухана. Бір-біріне соқтығысқан жандар. Науқастан-науқасқа шарқ ұрған ақ халаттылар. Бірі дем жетпей қиналса, енді бірі өмір мен өлімнің ортасында күресіп жатыр. Әрқайсысының ойында бір күдік. Бірақ үміті барлар індетпен күресте ауруға тосқауыл қоюда. Сенімін мықтап, қуатын нықтап, жігерін жұмасаған жанның бірі – 63 жастағы Сағатбек Қосназаров. Ол коронавирустың қауқарын дәрменсіз етті. Алдымен Алланың, одан соң дәрігерлердің арқасында індетпен күресіп жеңіске жетті.
Жасыратыны жоқ, әлеуметтік желіде «Ауырғандарды көрсетші, қане?» болмаса «Олар жайында неге айтпайды?» дегендер қатары көп еді. Солай жүріп ушықтырып алдық. Індет шарықтап, жұқтырғандар саны күрт өскенде сенбегендерге сенуден басқа амал қалмады. Бір отбасы түгелдей ауырса, енді бір отбасының 3-4 мүшесі өмірімен қош айтысты. Енді басқасы аурудан құлан-таза айығып, отбасына оралды. Соның бірі біз сұқбаттасқан кейіпкер. Ол алдымен жұртшылықты сабырлыққа шақырды. Одан соң күш-жігерді жонбай, жақсы ойлау керегін айтты.
– 20 маусымнан ауыра бастадым. Тамаққа тәбетім болмады. Оның үстіне әлсіздігі тағы бар. Әне жазыламын, міне жазыламын деп жүріп уақыт өткізіп алдым. Болмаған соң маусымның 26-сында жедел жәрдем шақырттық. Алып кетті. Адам болған соң ойыңа не келмейді десеңші. Күдік те, үміт те болды. Содан не керек, ауруханадағы балалар бөліміне жатқызды. Араға ұзақ күн салмай бетім бері қарай бастады. Осындайда демеу болып, талмай-тынбай қызметін атқарған ақ халатты абзал жандар. Иә, Бақытжан Нысанбаев бастаған бір топ қызметкерлер Алтынай Жүсіпова, Динара Жүсіпова, Зәуре Қараманова, Әсима Қазанбаева, Гүлсім Арыстанбаева секілді антына адал жандардың еңбегі зор. Күн-түн демей, сенбі-жексенбінің күнінде «Аға, қалайсыз?» деп бір қайырылмай кетпей, жағдайымды жасады. 9-шы күн дегенде тәуір болып, үйіме оралдым, – дейді Сағатбек аға.
Алайда бір жетіден кейін жолдасы Шынар Смайылова да ауырып ауруханаға түсіпті. Қажет ем-шарасын алған соң індеттен құлан таза айығып, отбасына оралған.
– Бұл індет жақындарымды да айналып өтпеді. Дегенмен бәрі де жеңіп шықты. Әрине, қасымызда қайтқан адамдар болды. Көбінің қосымша ауруы болған соң ба көтере алмай жатты. Өмір мен өлімнің арасында арпалысқан жанды көргенде одан сайын басыңды көтеріп, тұруға талпынасың. Мұндайда ең алдымен мықты сенім керек. Өзіңді дайындап, жақсы нәрсе ойлай білуің қажет. Егер аурудың белгісі байқалса жедел жәрдем шақырып, уақытылы қаралған жөн. Себебі денсаулық адамның өзіне керек. Соңғы кездері әлеуметтік желіде түрлі ақпарат тарап жатыр ғой. Ол да ойға күмән туғызған еді. Алайда аурухана тарапынан «Дәріні өздеріңіз сатып әкеліңіздер, дәрі жоқ» дегенді естімедім. Өздері уақытылы ем-домын жасады, дәрі-дәрмегін берді. Алдымен Алланың, одан соң ақ халатты абзал жандардың арқасында отбасыма аман-есен оралдым. Сын сағатта дертіме шипа іздеп, сүйеу болған аудандық аурухананың мамандарына, дәрігерлерге, аяжандарға рақметімді айтып, алғаусыз алғысымды білдіремін, – дейді ол.
Иә, емін алып, үйіне оралған ағамыздың жағдайын сұрап, телефонмен байланысқан едік. Ә деместен дәрігерлерге алғысын жаудырды. Дей тұрғанмен өмір шарты күрес емес пе? Айтылған кеңеске құлақ асып, оны бұлжытпай орындап аты жаман індеттен дер уақытында айықты. Ол күресе білді...
Айнұр ӘЛИ

14 шілде 2020 ж. 1 010 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 081

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031