Талпыныс

ЖАЗ... АПТАП ЫСТЫҚТАН БАС КӨТЕРІП ЖҮРУ МҮМКІН ЕМЕС. ИЫҒЫНА АУЫР ДОРБА АСЫНҒАН САМАЛ ӘР БАСҚАН ҚАДАМЫН САНАП, ӨМІРДІҢ ҚИЫН КЕЗЕҢІН ЕҢСЕРІП КЕЛЕДІ...
Алып-ұшып тұрған жас еді, тек өмірді сүйетін. Келбеті ай жүзді, ауылдың қараторы, жан сүйсінер қызы болатын. Отбасында ата-анасына еркелеп өскен жалғыз қызы да, ұлы да осы – Самал. «Не ішемін, не киемін, не жеймін» деу – бұл жанұяға жат. Әкесі қалада беделді кісі. Жеке кәсіптері де бар. Ал анасы қалалық ауруханада бас дәрігер қызметінде. Енді ғана 18-ге қадам басқан Самал арманын арқалап жоғары оқу орнының бірінде білім алып жатты. Бала кезінен жігіт атаулыны ойламай, ата-анасының үмітін ақтау үшін бар күш-жігерін білімге бұрды. Алайда, ол өмірдің оған даярлаған сыйынан бейхабар еді.
Күз...Таң. Шырылдаған сағат үнінен шошып оянған Самал таңғы асын ішпестен іле-сала киініп университетке асықты. Бүгін алғашқы емтихан сынағы. Жүгіріп келе жатып жүргінші жолдан өтпек болғанда қатты жылдамдықпен жүйткіген жеңіл көлік қақты да кетті. Жерді қызылға бояған қыздың жанайқайы айналадағылардың назарын аудартқандай. Тым-тырыс секілді. Бірақ, айналшықтай жүгірген адамдар толассыз еді. Көз алдында балалық кезі көлбей өтіп, қалың ұйқыға кетті. Тағы да үнсіздік.
Аурухана... Бір-біріне соқтығысып жүгірген дәрігерлер қыз өмірін аман алып қалуға әлек. Самалға жасалатын отаны өз анасы қолына алды. Қанша жерден қиын болса да, бауыр еті балапанының жанын аман сақтау үшін барын салды. Бірнеше жерден жарақат алып, сүйектері сынған Самал басынан ауыр соққы алған.
Жарық, тарсыл-тұрсыл еткен «носилка» бойжеткенді хирургия бөліміне көшірді. Ақ халаттылар әлденені былдырай айтып жатыр, сөйлеп жатыр. Қалың ұйқы. Бұл жолы да үнсіздік.
– Қысқыш...
– Скальпель...
Иә, бірнеше сағатқа созылған ота сәтті өтті. Қыз ғұмырын сақтап қалғанымен «бірақ» дегені бар еді. Ол екі аяғы қатар сынған Самалдың, өмірінің соңына дейін мүгедектер арбасына таңылуы. Мұны естіген бойжеткеннің өмірге деген құлшынысы әп сәтте құрып, талпынуға күш-жігері болмады. Күнде аурухана терезесіне телміре қарап, терең ойға бата, әр бір тамған көз жасын санаумен күндері өтті. Ал жалғыз қызы үшін ата-ана барын сатып, көп қаражат жинап Самалдың аяққа тұруына соңғы демі қалғанша күресіп бақты. Жан-жаққа шарқ ұрып шырылдап жүрген ана жүрегі еш үмітін үзбеген еді.
Арада 5 жыл өтті.
Бүгінгі күн бұл отбасы үшін ерекше әрі тосын сыйға толы. Осы уақыт аралығында көңілді күні санауға жетпеген еді. Алайда, Самалдың әкесі мен анасы құлыншағын «Отбасы күнінде» қуантпақ болып үлкен раушан гүлдерін сыйға тартты. Оларды қалай жақсы көретінін, ол үшін қымбат екенін айтып, ерекше кеш ұйымдастырды. Жары мен қызының жүзіне үйрілген күлкі әке көңілін орнына түсіргендей.
Таңертең ерте оянған Самал әкесінің бөлмеге келіп оятқанын күтті. Себебі әрбір таң атқан сайын бетінен сүйіп құшағына алушы еді. Есікті ашқан анасының өңі бозарып, көздері жасқа тола әлденені жасырғандай телміре қарап жерге отыра кетті. Самал не болғанын қайта-қайта сұрап әлек. Анасының бар жауабы тек – бір бет парақта. Хатты алып оқыса да ештеңені түсінер емес. Қайта-қайта көз жүгіртіп оқып жатты, оқып жатты...
Осыдан 3 жыл бұрын ісік ауруына шалдыққан әке отбасына тіс жармаған. Жақындарының жанына қаяу салу ол үшін ауыр еді. Кешегі күн қоштасу күні екен. Азанда көзін мәңгілікке жұмып, айтпаған сырын қағазға түсіріпті.
Ес жимаған ауыр күндер сырғып жатыр. Анасы жалғыз үміті үшін әлі күресіп келеді. Уайымнан да, құсадан да өз-өзін іштей жеп, бірте-бірте шөгіп барады. Денсаулығы сыр беріп үміті де үзіліп жатқандай. Мұны көру Самалға оңай соқпады. Анасының қиналғанын көріп бар күшімен аяққа тұруға ұмтылды. Күні-түні талпынып, жүріп кетуі үшін күресті. Тәңірге сеніп шарасыз күйден шығуына жалбарынды. Алла ұлық! Қаншама жыл белгілі дәрігерлер емдеп, қымбат оталар жасалса да еш нәтиже болмаған еді. Ал енді Самалдың аяғы бірте-бірте қозғала бастады. Одан соң балдақпен жүруге көшті. Ең бастысы сенім мен талпыныс керек екен. Бұл уақыт аралығында анасы да төсек тартып жатып қалған-ды. Бұрыңғыдай байлық та жоқ, дәулет те жоқ. Барлық мансап осы жалғыз қызы үшін сарп болды. Ал ендігі кезек – Самалда. Аяққа тұрамын деп жүріп оқуы да жайына қалған-ды. Анасы үшін қара жұмысқа жегілді. Шағын кәсіп ашу да ойында бар. Бүгін міне, тапқан азын-аулақ табысына анасын қуантпақ болып, тәттілерді дорбаға толтырып, үйіне қарай беттеп келеді...
Айнұр Әли,
Қармақшы таңы

24 маусым 2024 ж. 1 663 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 017

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031