ӨМІР ЖОЛЫ (2-бөлім, болған оқиға)

![]() |
Ес жия алмай біршама күнде өтіп жатты. Анасы жалғыз үміті үшін әлі күресіп келеді. Уайымнан да, құсадан да өз-өзін іштей жеп, бірте-бірте шөгіп барады. Денсаулығы сыр беріп үміті де үзіліп жатқандай. Бұны көру Самалға оңай емес еді. Анасының қиналғанын көріп бар күшімен аяққа тұруға ұмтылды. Күні-түні талпыныспен жүріп кетуі үшін күресті. Бір Аллаға сеніп шарасыз күйден шығуына жалбарынды. Алла ұлық! Қаншама жыл белгілі дәрігерлер емдеп, қымбат оталар жасалса да еш нәтиже болмаған еді. Ал енді Самалдың аяқтары бірте-бірте қозғала басталды. Одан соң балдақпен жүруге көшті. Ең бастысы сенім мен талпыныс керек екен. Бұл уақыт аралығында анасы төсек тартып жатып қалған еді. Бұрыңғыдай байлықта жоқ, дәулетте жоқ. Барлық мансап осы жалғыз қыздары үшін жұмсалған болатын. Ал ендігі кезек Самалда. Аяққа тұрамын деп жүріп оқуы да жайына қалған еді. Анасы үшін қара жұмыстар жасап күнелтіп жатыр. Шағын кәсіп ашу да ойында бар. Бүгінгі тапқан азын-аулақ табысына анасын қуантпақ болып тәттілерді дорбаға толтырып үйіне асығып жүріп келеді...
Анасы үшін баласының амандығы қандай бақыт болса, бала үшін де ана мейірімін көру соншалықты қымбат. Бақыт деген белгілі бір күнге немесе байлыққа тірелмейді. Әр бір атқан арайлы таңымыз, өтіп жатқан әр бір күніміз бақыт емеспе?
Айнұр ӘЛИ.
Анасы үшін баласының амандығы қандай бақыт болса, бала үшін де ана мейірімін көру соншалықты қымбат. Бақыт деген белгілі бір күнге немесе байлыққа тірелмейді. Әр бір атқан арайлы таңымыз, өтіп жатқан әр бір күніміз бақыт емеспе?
Айнұр ӘЛИ.
Пікір 1