» » » «ҚОРҚЫТТАН ҚАЛҒАН ҚОҢЫР ҮН – ХІ»

«ҚОРҚЫТТАН ҚАЛҒАН ҚОҢЫР ҮН – ХІ»


Аудан әкімінің тапсырмасымен бабадан мирас болып жеткен ұлттық өнерді ұлықтау, жас ұрпақтың бойына дәстүрлі өнерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында Көшеней Рүстембеков атындағы «Жыраулар үйінде» «Қорқыттан қалған қоңыр үн – ХІ» атты дәстүрлі облыстық балалар байқауы өткізілді.

Өнер байқауына аймағымыздың әр киелі мекенінен келген 30 талапкер қатысып, дәстүрлі ән-жыр және дәстүрлі күй жанрлары бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып: «Сан ғасырлар қойнауынан келе жатқан ұлттық өнеріміз тамыры тереңде екені белгілі. Қорқыт бабамыз - күллі түркі халықтарының ортақ тарихи тұлғасы. Киелі Қармақшы мекенінде мәңгілік мекен тапқан бабамыздың мұралары ұлтымызға ең құнды қазына ретінде бағалы. Осындай талапты, өнерлі ұрпағымыз барда қазақтың ұлттық өнері өз қасиетін жоғалтпай қала береді»,- деп жас өнерпаздарға сәттілік тіледі.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапатталып, «Алғыс хаттар» мен дипломдарға ие болды.

Қаймағы бұзылмай жеткен ұлттық өнеріміздің атадан балаға көзінің қарашығындай сақталып, туған жерге адалдық және адамгершілік қасиеттердің ұтымды насихатталуы деп ұғамыз. Қорыта айтқанда «Қазақтың ұлттық өнері болашақта да өз қасиетін жоғалтпай қала береді».

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

30 мамыр 2026 ж. 374 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 059
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 277

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031