» » » «ҚОРҚЫТТАН ҚАЛҒАН ҚОҢЫР ҮН – ІХ» облыстық балалар шығармашылығы байқауы

«ҚОРҚЫТТАН ҚАЛҒАН ҚОҢЫР ҮН – ІХ» облыстық балалар шығармашылығы байқауы


Бейбіт елдің көгінде,
Күлімдеп атар алтын күн.
Күй мен ән-жыр өнерге,
Балауса күннен талпындым.
Балдырған келді өнерлі,
Қыздырып дода дүбірін.
Бізге жеткен Ұлы өнер,
Қорқыттан қалған қоңыр үн.

Сан ғасырлар қойнауынан келе жатқан ұлттық өнеріміз тамыры тереңде екені белгілі. Киелі Қармақшы өңірінде мәңгілік мекен тапқан Қорқыт бабамыздың мұралары ұлтымызға ең құнды қазына ретінде бағалы.
Жыраулық, күйшілік дәстүрлер атадан- балаға мирас болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқаны бүгінгі күннің нақты дәлелі.
Бүгін Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен «Қорқыттан қалған қоңыр үн-ІХ» деген атаумен өткізілген бұл өнер байқауының ерекшелігі, маңызы мен мақсаты да ұлттық өнерімізді ұлықтау болып табылады.
Өнер бәйгесіне Қармақшы, Сырдария, Шиелі, Арал, Жалағаш аудандары мен Байқоңыр қаласы және Қызылорда қаласынан 48 талапкер қатыстырылды.
Байқауға қатысушылар өнердің 2 жанры бойынша бақ сынады.
1 Дәстүрлі ән- жыр өнері.
2. Дәстүрлі күй өнері.
Өнер байқауының құттықтау сөзі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Ерсұлтанов Еркінбек Бөрібайұлына беріліп, қатысушы талапкерлерге ақжолтай тілек білдірді.
Байқаудың жеңімпаздарын арнайы құрылған қазылар алқасы Жақсығұлов Серік Орынбекұлы - /жырау, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері/ Бегімсалова Айнуза Берікболқызы -/ қылқобызшы, Қызылорда қалалық Қазанғап атындағы музыкалық колледжінің оқытушысы/ Ахметов Нұриддин Барланұлы - /күйші, Қызылорда қалалық Қазанғап атындағы музыкалық колледжінің оқытушысы/ құрамы жас талапкерлердің өнерлерімен танысып, сахналық мәдениеті мен орындаушылық шеберліктері, және дауыс мәнерлеріне жан- жақты талдау жасады.
Қазылар алқасының шешімімен;
"Дәстүрлі ән- жыр" жанрының үлкен тобы бойынша:
1 орын - Молдыбекова Әдемі- Қармақшы ауданы, 2 орын – Жанғали Балауса – Шиелі ауданы, 2 орын- Тілеген Айсауле - Қармақшы ауданы, 3 орын – Көркем Әбдірахман - Қармақшы ауданы, 3 орын – Аманқос Еркеназ- Қармақшы ауданы.
«Дәстүрлі ән-жыр» жанрының кіші тобы бойынша:
1 орын – Сүлеймен Олжас – Қармақшы ауданы, 2 орын – Бекетай Жасұлан – Арал ауданы, 2 орын – Мархабатова Фатима - Қармақшы ауданы, 3 орын – Сырым Қайрат – Қызылорда қаласы, 3 орын – Құлтаева Жанерке - Қармақшы ауданы.
Үлкен топ бойынша
«Дәстүрлі күй» жанрының үлкен тобы бойынша: 
Бас жүлде – Дінмұхаммед Алмас- Сырдария ауданы, 1 орын-Темірбай Салтанат - Арал ауданы, 2 орын- Ахетжанова Інжумаржан – Байқоңыр қаласы, 3 орын- Қолқанат Оңболсын- Байқоңыр қаласы, 3 орын – Сандуғаш Қайрат - Шиелі ауданы.
«Дәстүрлі күй» жанрының кіші тобы бойынша:
1 орын- Әбдіғаппар Нұрмұхаммед –Шиелі ауданы, 2 орын- Темірбай Сәбинұр – Арал ауданы, 2 орын – Қадыржанұлы Ғибрат – Қызылорда қаласы, 3 орын- Ермекқызы Жансұлу –Қармақшы ауданы, 3 орын – Нұрлан Ғафур – Жалағаш ауданы,
«Дәстүрлі күй» жанрының қобыз аспабы бойынша:
1 орын – Қуанышбекқызы Жанель –Қызылорда қаласы, 2 орын –Қыдырбай Сұлтанбек – Жалағаш ауданы, 3 орын – Амантай Айшолпан- Қармақшы ауданы, 3 орын – Жақсығұлов Шадияр- Қызылорда қаласы, 3 орын- Айдана Жандарбекова –Байқоңыр қаласы.
Байқауға қатысқан барлық қатысушылар Дипломдармен, сыйлықтармен, ұстаздары арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Қаймағы бұзылмай жеткен ұлттық өнердің атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналып, жастарға тамыры терең тәлімнің, елжандылық пен батырлықтың, туған жерге, елге адалдық, адамгершілік қасиеттердің ұтымды насихатталуы деп ұғамыз.
Қорыта айтқанда тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: «Қазақтың ұлттық өнері болған, қазір де бар және болашақта да өз қасиетін жоғалтпай қала береді».

31 мамыр 2024 ж. 327 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 006

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031