» » » Балалар байқауы қорытындыланды

Балалар байқауы қорытындыланды


Бабадан қалған ұлы өнерді дәріптеу мақсатында Қармақшы ауданы әкімінің қолдауымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Көшеней Рүстембеков атындағы «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен онлайн түрде өткізілген "Қорқыттан қалған қоңыр үн-V" облыстық балалар шығармашылығы байқауының жеңімпаздарын жариялаймыз!

Байқау 1 айдан бері онлайн түрде фейсбук парақшада жарияланды. Байқау "Дәстүрлі ән-жыр" жанры бойынша екі топқа /үлкен топ, кіші топ/, "Дәстүрлі күй" жанры бойынша екі топқа /үлкен топ, кіші топ/ бөлінді. Байқауға Қазалы ауданы, Қармақшы ауданы, Жаңақорған ауданы, Шиелі ауданы, Қызылорда қалаларынан 33 талапкер өтініш беріп, барлығы ереже талаптары бойынша видеоларын жолдаған болатын.

Жас жеткіншек өнерлі, талантты балалардың ұлттық өнерге деген қызығушылығы бізді қуантты.
Байқаудың жеңімпаздарын арнайы құрылған қазылар алқасы құрамы Облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығында санитарлық талаптарды сақтай отырып, талапкерлердің жіберген видеоларымен танысып, сахналық мәдениеті мен орындаушылық шеберліктері мен дауыс мәнерлерін жан-жақты талдау жасады.

Қазылар алқасының шешімімен;
"Дәстүрлі ән-жыр" жанрының үлкен тобы бойынша;
Бас жүлде - Әбілтай Аружан /Жаңақорған ауданы/
1 орын – Абылай Құнанбайұлы /Қазалы ауданы/
2 орын – Дидар Сүгіралиев /Шиелі ауданы/
3 орын – Арай Оңғарқызы /Қармақшы ауданы/
3 орын – Мархабатова Шұғыла /Қармақшы ауданы/

«Дәстүрлі ән-жыр» жанрының кіші тобы бойынша
Бас жүлде - Амантай Айдана /Қармақшы ауданы/
1 орын – Әбілтай Көркем /Қармақшы ауданы/
2 орын – Орынбасар Айдарбек /Қазалы ауданы/
3 орын – Ниятуллаева Нұрдана /Шиелі ауданы/
3 орын – Шоңбаева Ақерке /Қармақшы ауданы/

Бір ескерте кететін жайт, қазіргі уақытта қылқобыз үйірмесінің әр аудандарда дамып, жүйелі жұмыс жасауы нәтижесінде қылқобызшылар да бөлек марапаттарға ие болды.
Үлкен топ бойынша
«Дәстүрлі күй» жанрының қылқобызшылар бойынша:
Бас жүлде – Бөлеген Ақниет /Шиелі ауданы/
1 орын – Амантай Айшолпан /Қармақшы ауданы/
2 орын – Мейрамбекқызы Айша /Қармақшы ауданы/
3орын – Темірбекова Дильназ /Қармақшы ауданы/

«Дәстүрлі күй» жанрының домбырашылары бойынша:
Бас жүлде – Данияр Болатұлы /Жаңақорған ауданы/
1 орын – Дарибаев Мади /Қызылорда қаласы/
2 орын – Шұғыла Бөрібай /Қызылорда қаласы/
3 орын – Нұрғалиева Інжу /Қармақшы ауданы/
3 орын – Иняат Мади Ханзезұлы /Қызылорда қаласы/

Кіші топ бойынша «Дәстүрлі күй» жанрының домбырашылар бойынша:
Бас жүлде – Шыңғыс Алтайұлы /Қармақшы ауданы/
1 орын – Рахат Рахманұлы /Қызылорда қаласы/
2 орын – Ернұр Есенәлі /Қызылорда қаласы/
3 орын – Белаусова Ангелина /Қызылорда қаласы/
3 орын – Мейірханова Аяна /Қызылорда қаласы/
Алғыс хат – Өмірзақ Олжас /Қармақшы ауданы/

Байқауға қатысқан барлық қатысушылар және ұлттық өнерге баулып, шәкірттерді тәрбиелеген барлық жетекшілері Ұлттық домыбра күніне орай Дипломдар және алғыс хаттармен марапататталды.

Қаймағы бұзылмай жеткен ұлттық өнердің атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналып, жастарға тамыры терең тәлімнің, елжандылық пен батырлықтың, туған жерге, елге адалдық, адамгершілік қасиеттердің ұтымды насихатталуы деп ұғамыз. Қорыта айтқанда тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: «Қазақтың ұлттық өнері болған, қазір де бар және болашақта да өз қасиетін жоғалтпай қала береді».

05 шілде 2020 ж. 1 300 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 016

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031