» » "Ақ баян" облыстық әншілер байқауы аяқталды

"Ақ баян" облыстық әншілер байқауы аяқталды


Қазалы ауданы әкімдігінің қолдауымен, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазалы аудандық мәдениет Орталығында өткізілген Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, жезтаңдай әнші Мәдина Ералиева атындағы «Ақ баян» атты облыстық әншілер байқауы өз мәресіне жетті.
Байқауға Арал, Казалы, Жанақорған, Қармақшы, Сырдария аудандарынан 15-35 жас аралығындағы 12 өнерпаз қатысып, бақтарын сынады. 
Байқау 2 кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңде талапкерлер Мәдина Ералиеваның репертуарынан бір ән орындаса, екінші кезеңде еркін тақырыпта бір ән орындалды. 
Қазылар алқасының шешімімен
Бас жүлде – Жеткерген Мадияр (Қазалы ауданы)
І орын – Тұранов Нұрбол (Сырдария ауданы)
ІІ орын – Сламов Аманжол (Жаңақорған ауданы)
ІІ орын – дуэт Сембаев Айтуған, Едігеев Ерлан (Арал ауданы)
ІІІ орын – Жакешов Динара (Сырдария ауданы)
ІІІ орын – Әмір Сариев (Қазалы ауданы)
ІІІ орын –Турганбаева Асель (Қазалы ауданы)
«Әсем әуен» номинациясы – Сахан Балауса (Жаңақорған ауданы)
«Көрермен көзайымы» номинациясы – Жаңабергенова Нұрбибі (Қазалы ауданы)
«Ақбаян» номинациясы – Тілепова Айғаным (Қазалы ауданы)
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, қатысушы талапкерлер алғыс хатпен және барлық өнерпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
04 желтоқсан 2019 ж. 902 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 408
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728