» » » Қорқыттан қалған ұлы өнер

Қорқыттан қалған ұлы өнер

Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімнің қолдауы, К.Рүстембеков атындағы «жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен «Қорқыттан қалған қоңыр үн» атты облыстық балалар шығармашылығы байқауы өтті.
Төртінші мәрте өткізіліп отқан өнер байқауында жеткіншектер 2 жанр бойынша бақ сынады. Ғасырлар қойнауынан келе жатқан ұлттық өнерді дәріптеуші балғындар дәстүрлі күй мен жырдан додаға түсті.
Қазақылықтың иісін шығарған мәдени бәйгеде жырау Майра Алшынбекқызы, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, күйші Абылай Ысқақов пен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының төрайымы Күлжауһар Раева өнерпаздарға қазылық етті.
Қазылар алқасының шешімі бойынша «Дәстүрлі күй» жанрының бас жүлдесін қармақшылық өнерпаз Айшолпан Амантай иемденсе, «Дәстүрлі жыр» бөлімінің кіші тобында Қазалылық Абылай Құнанбайұлы оза шапты. Жыр айтуда Арал ауданының жас жыршысы Жансая Файзуллақызы үздік деп танылды.
Бабадан қалған ұлы өнерді ұлықтап, жас ұрпақты тәрбиелеуде зор үлесін қосып жүрген жетекшілер де аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ
11 қараша 2019 ж. 1 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031