» » » «ҚОРҚЫТТАН ҚАЛҒАН ҚОҢЫР ҮН – Х» облыстық балалар шығармашылығы байқауы

«ҚОРҚЫТТАН ҚАЛҒАН ҚОҢЫР ҮН – Х» облыстық балалар шығармашылығы байқауы

Бабадан қалған ұлы өнерді дәріптеу мақсатында Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Көшеней Рүстембеков атындағы «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен «Қорқыттан қалған қоңыр үн - Х» атты облыстық балалар шығармашылығы байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Осындай облыстық ұлттық өнер байқауының жыл сайын жоғары дәрежеде ұйымдастырылып келе жатқанына биыл 10 жыл. Осы орайда Жыраулар үйінің ұжымы Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Сейілов Жанмұрат Жақсымұратұлының арнайы алғыс хатымен марапатталды.
Байқау "Дәстүрлі ән- жыр" жанры бойынша екі топқа /үлкен топ, кіші топ/, "Дәстүрлі күй" жанры бойынша екі топқа /үлкен топ, кіші топ/ бөлінді.
Байқауға Қармақшы ауданы, Жалағаш ауданы, Қызылорда қаласынан 44 талапкер өтініш беріп, барлығы ереже талаптары бойынша бақтарын сынады. Жас жеткіншек өнерлі талантты балалардың ұлттық өнерге деген қызығушылығы бізді қуантты.
Балалар шығармашылығы байқауынының алғашқы құттықтау сөзін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Ерсұлтанов Еркінбек Бөрібайұлы сөйлеп, жас талапты қатысушыларға ақжолтай тілегін айтса, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мереков Асқар Ермағамбетұлы жас жеткіншектерге батасын берді.
Байқаудың жеңімпаздарын арнайы құрылған қазылар алқасы Жақсығұлов Серік Орынбекұлы - /жырау, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері,/ Байғараев Дәулет Кәрібайұлы -/ музыкант, Т.Салқынбайұлы атындағы өнер мектебінің директоры/ Тұрымбетов Жарқынбек Жаулыбайұлы - /ақын-сазгер, аудандық Т.Салқынбайұлы атындағы әуез мектебінің мұғалімі/, Бағатов Мұхамбетқали Іскендірұлы /сазгер, Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің қызметкері/ құрамы жас талапкерлердің өнерімен танысып, сахналық мәдениеті мен орындаушылық шеберліктері мен дауыс мәнерлерін жан- жақты талдау жасады.
Қазылар алқасының шешімімен «Дәстүрлі ән- жыр» жанрының үлкен тобы бойынша Бас жүлде -Әленов Жандос /Қызылорда қаласы/, 1 орын - Сайдулла Інжу /Жалағаш ауданы/, 2 орын -Мархабатова Бақыт /Қармақшы ауданы/, Нұрмухаммед Идирисұлы /Қармақшы ауданы/, 3 орын – Амантай Айдана /Қармақшы ауданы/ марапатталса, «Дәстүрлі ән-жыр» жанрының кіші тобы бойынша Бас жүлде Мирова Аянат /Қармақшы ауданы/, 1 орын - Нұрлыбек Айару /Қармақшы ауданы/, 2 орын -Іңкәр Темірбай /Қармақшы ауданы/, 3 орын Нұрдаулет Алматұлы /Қызылорда қаласы/ иеленді.
«Дәстүрлі күй» жанрының үлкен тобы бойынша 1 орын – Қайруллаев Саламат /Қармақшы ауданы/, 2 орын -Асанова Жансая /Қармақшы ауданы/, 3 орын - Өмірбек Нұрасыл /Жалағаш ауданы/. «Дәстүрлі күй» жанрының кіші тобы бойынша Бас жүлде Сәрсенбек Инабат /Қармақшы ауданы/, 1 орын -Алпамыс Нұрсұлтан /Қармақшы ауданы/, 2 орын – Ерланқызы Нұрерке /Қармақшы ауданы/, 3 орын - Хамза Исаев /Қармақшы ауданы/, Арнұр Уалиханов /Қармақшы ауданы/, Аяулым Нұрлыбек /Қармақшы ауданы/ өзара бөлісті.
Байқауға қатысқан барлық қатысушылар Дипломдармен, сыйлықтармен, алғыс хаттарымен марапататталды.

Киелі Қармақшы өңірінде мәңгілік мекен тапқан Қорқыт бабамыздан бастау алған Сыр сүлейлерінің мұралары ұлтымызға ең құнды қазына ретінде бағалы. Жыраулық, күйшілік дәстүрлер атадан- балаға мирас болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқаны бүгінгі күннің нақты дәлелі. Қорқыт ата елінде жыл сайын өтетін дәстүрлі «Қорқыттан қалған қоңыр үн-Х» атты бұл ұлттық өнер байқауының маңызы, мақсаты да ерекешеленуі де осында.

09 маусым 2025 ж. 45 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 888
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30