» » ӨМІР ЖОЛЫ (1-бөлім, болған оқиға)

ӨМІР ЖОЛЫ (1-бөлім, болған оқиға)

Әр бір адам дүние есігін ашқан соң, бір қайғыны, бір қуанышты сезініп, «өмір» атты сынақты басынан өткереді. Бірі сүрінсе, енді бірі қайырылған қанатын көкке жайып, еркіндікке ұмтылады. Тек сабырлық пен төзімділікті бойына дарыта білген адам ғана бар ауыртпашылықты жеңіп, өмірдің тәтті дәмін сезіне алады. Қара түннің артынан, уақыты жеткенде күннің де шығып нұр шашарын ұмытпайық!

    Жаз...Күннің ысуы соншалық Қызылорда да бас көтеріп жүру мүмкін емес. Екі қолында ауыр дорбасы бар Самал, әр бір басқан қадамы сайын, өткерген қиын-қыстау өмірін көз алдына елестетіп келеді...
   Алып-ұшып тұрған жас еді,  тек өмірді сүйетін. Келбеті ай жүзді, ауылдың қара торы, жан сүйсінер қызы болатын. Отбасында ата-анасына еркелеп өскен жалғыз қызы да, ұлы да осы Самал. «Не ішемін, не киемін, не жеймін»- деу бұл жанұяға жат еді. Әкесі қалада беделді кісі болды. Жеке кәсіптері де болатын. Ал анасы қалалық ауруханада бас дәрігер қызметінде. 
   Енді ғана 18-ге қадам басқан Самал, арманын арқалап жоғарғы оқу орындарының бірінде білім алып жатты. Бала кезінен жігіт атаулыны ойламай, ата-анасының үмітін ақтау үшін, бар күш-жігерін білімге бұрды. Бірақ, кейде өмір жолының жүз сексен градусқа өзгерерін кім білсін?...
Күз...Таң... Шырылдаған сағат үнінен шошып оянған Самал, таңғы асын ішпестен іле-сала киініп университетке асықты. Бүгін алғашқы тапсыратын емтихан сынағы еді. Жүгіріп келе жатып жүргінші жолдан өтпек болғанда жеңіл көлік  қағып өте шықты. Жерді қанға бояп, шытырлап сынған сүйектерінің дауысы айналаны назарына аудартты. Көз алдында балалық кезі кадр іспетті елестеп, қалың ұйқыға кеткендей болды.
Аурухана... бір-біріне соқтығысып жүкірген дәрігерлер қыз өмірін аман алып қалуға әлек. Самалға жасалатын отаны өз анасы қолына алды. Қанша жерден қиын болса да, бауыр еті балапанының жанын аман сақтау үшін барын салды. Бірнеше жерден жарақат алып, аяқ сүйектері шыққан Самал басынан ауыр соққы алған. Ота сәтті өтіп қыз ғұмырын сақтап қала алды. Дегенмен «бірақ» бар. Ол екі аяғы қатар сынған Самалдың, өмірінің соңына дейін мүгедектер арбасына таңылуы мүмкіндігінде еді...
   Бұны естіген Самалдың өмірге деген құлшынысы әб сәтте құрып, алдыға талпынуға күш-жігері қалмады. Күнде аурухана терезесіне телміре қарап, терең ойға бата, әр бір тамған көз жасын санаумен күндері өтіп жатты...
   Жалғыз қызы үшін ата-ана барын сатып, көп қаражат жинап Самалдың аяққа тұруына соңғы демдері қалғанша күресіп жатты. Жан-жаққа шарп ұрып шырылдап жүрген ана жүрегі еш үмітін үзбеген еді. Арада 5 жылдың да қалай сырғып өткені білінбей қалды.

Жалғасы бар...
Айнұр ӘЛИ.

25 қазан 2018 ж. 3 823 1

JeaCold от 21 ақпан 2019 03:37
Acyclovir No Script Canada Propecia Catez Isotretinoin Discount cialis 20mg price at walmart Diarrhea With Amoxicillin Cialis 10 Mg Quanto Costa Quando Il Viagra Non Basta

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031