» » ШӨПШЕК СҮЙІП, ШӨЛ БАСҚАН

ШӨПШЕК СҮЙІП, ШӨЛ БАСҚАН

Немере мен шөбере, шөпшектің арасында отырған анаға қарап, өзімді бейне бір басқа әлемде жүргендей сезіндім. Жанарынан иман нұры төгілген ақжарқын мінезі нағыз қазақ анасының бейнесін танытқандай. Сом тұлға, келісті келбет. Сексеннің екеуіне келсе де қимылы ширақ, жүрісі тың. Жанарынан жылы шуақ еседі. Есіктен енген бізді жатырқамай, жатсынбай құшағын жая қарсы алды.
Жосалы кенті тұрғыны Шәкизада Шілдебаева жеті балаға жарық дүние сыйлаған батыр ана. Балалық шағы Ұлы Отан соғысынан кейінгі қиын-қыстау жылдармен тұспа-тұс келген ол кіндіктен жалғыз. Әкесі Әубәкір мен анасы Ақуыш өмірден ерте озып, нағашысы Бердіалланың тәрбиесінде болады.
Нағашыдан жақсы тәлім алған бойжеткен он сегіз жасында Бұдырбек атты жігітпен көңіл қосып, шаңырақ көтереді. Жарасымды отбасында сәби күлкісі естіліп, бірінен соң бірі өмірге келеді. Ол бала тәрбиесімен айналыса жүріп, кенттегі мекеменің бірінде күзетші болып жұмыс істейді. «Дарақ – бір жерден көктейді» демекші, осы жерден зейнеткерлік демалысына шығып, еңбек ардагері атанады. Ардагердің ұл-қызы Рауа, Рая,Ұлмекен, Мирамкүл, Әлия, Талғат және Сағидат әр салада қызмет етсе, немере-шөберелер арнаулы оқу орындарында білім алуда. Бақытты ана бүгінде 7 баласынан 27 немере, 21 шөбере, 2 шөпшек сүйіп отыр. Таратып айтсақ, тұңғышы Рауадан Динара, одан шөбересі Назерке, шөбереден Раяна мен Әлішер атты шөпшек тараған. Шөбере алақанынан су ішкен абыз ана «шөпшектің тәттілігі тіпті бір басқа» деп тамсанады.
– Ғұмырымда аштық пен тоқтықты көрдім. Ұрпақтан жалғыз болсам да көптің арқасында жетімдікті білмей өстім. Әрине, өмір қиындықсыз болмайды. Бірақ оған мойыған емеспін. Жарым, балаларымның асқар таудай әкесі 1992 жылы бақилық болды. Өте жақсы адам еді. Екеуміз тату-тәтті сыйластықпен өмір сүрдік. Перзенттерімізді өнегелі етіп өсірдік. Сол ниетімізге қарай балалар үмітімізді ақтады. Ризамыз. Маған Алла шөпшек сүю бақытын бұйыртыпты. Мен бақытты анамын. Мұндай бақыт екінің бірінің пешенесіне жазыла бермейді ғой, – дейді ол.
Ардақты жан қарашаңырақта баласы Талғат пен келіні Айнагүлдің қолында. Бабы келіскен, жағдайы жасаулы.
– Әулетке келін болғаныма биыл 21 жыл. Осы уақыт ішінде енем анамдай болды. Білмегенімді үйретті. Білгенімді жетілдірді. Ақылын айтып, кеңесін берді. Қызындай қарады. Әсіресе, ол кісінің ұлттық салт-дәстүрге деген көзқарасы өте жоғары. Анамыздың әдемі қоңыр дауысы бар. Түрлі ортада ән айтуға қолқа салатындар көп. Мереке сайын және туған күнінде барлығымыз жиналып, думандатамыз. Бұл үрдіс отбасында дәстүрге айналған, – дейді ибалы келін.
Заманында Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «...үмбетімнің көптігімен мақтанамын», – деген екен. Сол айтпақшы, өңірде сусын қандырар шөпшек қызығын көретіндер саны көбейе берсін.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК.
29 мамыр 2018 ж. 2 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031