» » » ӨНЕГЕМЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР

ӨНЕГЕМЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР

Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
Халқымызда қай заманда болмасын әйелі де, ері де  кез келген іске белін бекем буып, екі білегін сыбана кірісіп кеткен. Ауыры мен қиыншылығы қатар жүретін өмірге де мойымаған. Міне, сондай жанның бірі-  «Алтын алқа» иегері, еңбек адамы Бексұлу Сарбасова.
Ол 1943 жылы Тереңөзек ауданында дүниеге келген. Сол жердегі 7 сыныптық «Абай» мектебін тәмамдап, 17 жасында тұрмысқа шыққан. 1962 жылы жолдасы екеуі Қармақшы ауданына көшіп келді. 1969 жылы Жосалы механикалық зауытында «тұрба бұрғалаушы» қызметіне қабылданып, 1992 жылы 48 жасында зейнеткерлік демалысқа шыққан. Бар саналы ғұмырын еңбекке арнаған Бексұлу Сарбасова құрметті зейнеткерлік демалысына шыққан соң да қызметтен қол үзбей, 1981 жылдары аудандық кеңесіне депутат болып сайланған. Өзіне міндеттелген істерге жауапкершілікпен қарап, іскерлігін көрсетіп, ұйымдастырушылық қабілеттерімен көзге түсе білді. Өнегелі істерімен замандастары мен әріптестеріне үлгі көрсетіп, қарапайымдылығымен, адамдармен ара қатынастағы кішіпейілділігімен сыйлы болды.
Туған халқына деген адал еңбегі мен қалтқысыз қызметінің арқасында қол жеткізген елеулі жетістіктері үшін Бексұлу Сарбасова мемлекеттік медальдармен, атап айтар болсақ, «Еңбек айырмасы үшін», «Халықтар достастығы», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды.
Ол кісінің жолдасы Елгонтаев Тынысбек те Қармақшы аудандық кәсіптік училищесінде «ұста» болып қызмет жасап, кейін оқытушылыққа ауысты. Ол кісі де мемлекет тарапынан берілген бірнеше алғыс хаттармен марапатталды.
Бүгінгі күні зейнет демалысындағы Бексұлу әжеміз бен Тынысбек ағамыз үкілеп өсірген  ұл-қыздарынан өрбіген немере-шөберелерінің қызықты да, шаттыққа толы өмірлерін тамашалап, бақытты ғұмырын жалғастыруда. Олардың шаңырағы аудандағы өнегелі отбасылардың бірі.  Қазіргі күні жеті перзенті де жеті қызметтің тұтқасын ұстаған жандар. Бексұлу апа мен Тынысбек әкеміз жеті баладан 25 немере, 5 шөбере сүйіп отырған бақытты ата мен әже. Өздерінің адал еңбегімен ел алғысына бөленіп қана қоймай,балаларының да адал еңбекпен биіктерді бағындыруына өнегелі жол көрсеткен тұлғалар.
Кісілік келбеті мен азаматтық тұлғалығы биік, шуақты шаңырақтың алтын діңгектері  Бексұлу анамыз бен Тынысбек әкеміз балалары мен немере-шөберелерінің қызығын көріп, жүз жасқа келулеріне тілектеспіз.
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ.
10 ақпан 2018 ж. 1 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031