» » » ДАРА ТҰРҒАН ДАТАЛАР

ДАРА ТҰРҒАН ДАТАЛАР

Көнекөз қарияларданестуімізше, ата-бабаларымыз бізге дейінгі кезеңдердегі итжылында ертебастан, яғни көктемнің алғашқы күнінен бастап егін егуге кірісіп, қыс қамына дайындалған деседі. Сонымен бірге, ит жылында дүние есігін ашқан сәбилер көп болады екен-мыс. 2018жылы ауданымызда туғанелінің болашағы үшін аянбай еңбек етіп, құрметке бөленген көптеген даратұлғаның мерейлі тойлары аталып өтпек. Осыреттесіздер биыл туған күндері аталып өтпек мерейгерлер кімдердейсіз дерғой?
Киелі Қармақшы өңірі қазақ еліне 100 шайыр шыққан құтты мекен атауымен танылған. Бұл өңірде орақ тілді шешендер мен жауһар жырларымен елді ауызына қаратқан ақын-жыршылар, бар саналы өмірін ғылым мен шәкірт тәрбиелеуге арнаған ғалымдар мен ұстаздар, жезтаңдай әнші-күйшілер, өнер қайраткерлері мен ел байрағын әлем көгінде желбіреткен спортшылар туып-өскені баршаға мәлім.
Міне, осы құтты мекенде биыл көптеген атпал азаматтардың мерейтойлары аталып өтпек. Расында да олар кімдер?
Даралайтын болсақ, Сыр сүлей­лері легінде өзіндік орны бар, 13 жасында жыр бәйгесіне түсіп, халық аузында «Бала жырау» атанған Тұрымбет Салқынбаевтың өмірге келгеніне биыл 150 жыл толса, жыр-дастандардың айтулы жүйрігі, шайыр Омар Шораяқұлының дүние есігін ашқанына 140 жыл болыпты. Сондай-ақ, дүлдүл ақын, жырау, айтыскер Молдахмет Дабылұлының да туғанына 125 жыл толады.
Сыр сүлейлерінің шығармаларын жинақтап, оны болашақ ұрпаққа жеткізуде елеулі еңбек сіңірген ауыз әдебиетін жинақтаушы Әлқуат Қайнарбаев пен Сыр шайырларының ізбасары, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, ақын, Тұрмағам­бет ауылының тумасы Әлімбай Әлиасқаровтың туғанына 120 жыл болыпты.
Сонымен қатар, қазақ әдебиеті мен поэзиясында өзіндік орны бар тума талант, бірнеше жыр жинағының авторы Құланбай Көпішев пен жүзі бөлек болса да тілегі бір болған, халық арасында «Қармақшы ауданы колхоз құрылысының атасы» атанып, 50 жылға жуық ІІІ Интернационал ауылын үзіксіз басқарған Еңбек Ері Цай Ден Хактың туғанына 105 жыл толады екен.
Сондай-ақ, биыл туып-өскен атамекеніміз Қармақшы ауданының құрылғанына 90 жыл толуын атап өтетін болсақ, жазушы-журналист, бір­­­­неше кітаптардың авторы Өтен Ахметовтің де 80 жылдық мерейлі тойы қатар келіп тұр.
Сонымен қатар, КСРО-ның құр­метті теміржолшысы, Қармақшы ау­данының құрметті азаматы Зарқұм Бекжанов пен «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендері мен бірнеше мемлекеттік медалінің ие­гері, Қармақшы ауданының құр­метті азаматы Болатбек Сүлей­меновтің де туғанына 80 жыл.
Биыл талантты айтыскер-ақын, жырау, Қармақшы шайырларының ісін жалғастырушы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы Серік Ідірісов пен ақын Мәди Қайыңбаев та асқаралы 60 жасқа, сонымен бірге кеше ғана өмірден өткен жерлесіміз, мәдениеттанушы, философ-ақын, «Тамыр» журналының бас редакторы Әуезхан Қодар да биыл 60 жасқа толар еді.
Бүгінде Қармақшы ауданы тек жыршылар елі ғана емес, сонымен бірге палуандар ауылы деп те айтады. Міне, осы қармақшылықтардың осындай атаққа ие болуларына бірден бір себепкер азамат, яғни қазақ күресінен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, қазақ күресі мен самбодан көптеген әлем, Азия, халықаралық жарыстарының жеңімпаздарын дайындаған спорт майталманы Әділбек Серікбаев 55 жасқа толады.
Иә, биыл ауданымыздың өсіп-өркендеуіне өзінің сүбелі үлес­те­рін қосқан басқа да көптеген аза­маттардың даталы туған күндері той­ланбақ.
Еліміздің тәуелсіздік алғанын көзі көрмесе де, туған елінің бола­шағы үшін тер төге еңбек еткен, сонымен бірге егемен еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан арыстарымыздың еңбектері өскелең ұрпақтың жадында мәңгі сақталып қала береді.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
19 қаңтар 2018 ж. 2 306 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031