» » » Абай музейі «Shakarim.kz» сайты ашты

Абай музейі «Shakarim.kz» сайты ашты

2018 жылы ақын, аудармашы, сазгер, тарихшы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толады. Шәкәрім Құдайбердіұлы – Абайдай ұлы ұстазынан тәлім-тәрбие алып, аманат-өсиетін екі етпей, қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан ақын.
Өзіне «Мұтылған» деп ат қойған ақын есімі тар құрсауда қалып қойды. Сол бір Кеңес үкіметі кезінде Абайдың ақындық айналасын зерттеп, әсіресе, Шәкәрім шығармашылығы жөнінде әділ пікір айтуға, тиісті бағасын беруге ұмтылған М.Әуезов пен Қ.Мұхамедхановтардың сағын сындыруға тырысты. Соған қарамастан «Абайдың ақындық айналасы» тақырыбында зерттеулер жүргізілді.
1958-1984 жылдар аралығында Шәкәрім шығармашылығы толық ақталмаса да, ұлы Ахат Шәкәрімұлы әкесінің еңбектерін көптеген ғылыми-зерттеу орталықтары: Алматыдағы Ұлттық кітапхана, Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты және Семейдегі Абайдың қорық-музейінің қорына өткізді. Бұл Шәкәрімді тануға зор мүмкіншілік берді. Қорда жинақталған Шәкәрім мұрасын, өмірбаяны, шығармашылығын кеңінен зерттеуге жол ашылды.
«Ар» ілімін өмірінің мақсаты деп танып, елінің қамы үшін ерінбей еңбектеніп, келешек ұрпағына өшпестей мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдық мерейтойы қарасаңында және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне арнайы «Shakarim.kz» сайты ашылды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Бостандық таңы атты» деп баршаға қуана жар салған Шәкәрімнің арманы орындалды. Бұл тек Шәкәрімнің ғана емес барша алаш жұршылығының арманы еді. Сондықтан сайттың бас беті Шәкәрімнің «Бостандық таңы атты» өлеңімен ашылады.
Заман талабына сай жаңа технологиялар қарқынды дамып келе жатыр. Сондықтан музей саласы да заман көшіне ілесіп, алға жылжуы шарт. Музейге адамдардың жиі келуге мүмкіндігі бола бермейді. Музей қорындағы ақын мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында ұсынылып отыр.
Бұл сайтты жасау барысында көптеген материалдар, құжаттар, архив деректері жиналды. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің қорында жылдар бойы мұрағаттар мен ғылыми зерттеулер барысында жинақталып келген қор материалдары, музей кітапханасына келіп түскен кітаптар мен мерзімді баспасөз басылымдары басшылыққа алынды.
Сондай-ақ, музей қорындағы ақын тұлғасы, оның өмірі мен шығармалары негізіндегі бейнелеу өнер туындылары және Шәкәрім әндерін осы сайттан табуға болады.
Еркін ҚАЛДАН
03 қаңтар 2018 ж. 2 000 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 422
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930