
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы
Қымбатты отандастар! Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтаймын! Бұл – мыңжылдықтардан тамыр тартатын қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке. Біз егемендік жылдарында талай сын-қатерді еңсеріп, биік белестерді бағындырдық. Осылайша, еліміздің іргесін...











