» » ЖАС АТЛЕТТЕР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

ЖАС АТЛЕТТЕР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Орал қаласында ауыр атлетикадан 2012 жылы туған және одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионатынан жүлдемен оралған жас спортшыларды аудан жұртшылығы құрметпен қарсы алды.
Ел біріншілігінде қармақшылық жас зілтеміршілер жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, 70 келі салмақ дәрежесінде Дінмұхаммед Қойшыбек пен 45 келіде Алпамыс Сәрсенов I орын иеленді. 33 келі салмақта Әли Бекен II орынға тұрақтады. Ал 50 келіде Қалмұхаммед Қойшыбек пен 37 келіде Нұрислам Бекен III орын алды.
Жас спортшыларды ауданға келген сәтінде құрметпен қарсы алу – олардың жетістігіне көрсетілген қолдау мен алдағы белеске деген сенімнің белгісі. Жас зілтеміршілердің бұл жеңісі аудан спортының мерейін өсіріп, өзге өрендерге де үлгі болды.
Б.МАДИЯР
25 қазан 2026 ж. 69 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 153
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 349

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031