» » ЗІЛТЕМІРШІЛЕР ЖАРАДЫ

ЗІЛТЕМІРШІЛЕР ЖАРАДЫ

Өткен қаңтар айының ауыр атлетикадан Шиелі ауданы орталығында 2001-2002 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі өтті.
Жарысқа аймағымыздың барлық ауданынан өз салмақ дәрежелері бойынша үздік деп танылған 100-ден астам жас зілтемір шебері қатысты.
Аталмыш жарысқа қармақшылықтар бақ сынап, жарыс қорытындысымен №15 олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің зілтеміршілер секциясының және ауданның аға жаттықтырушысы Айдар Ерәлиевтің шәкірттері, атап айтқанда 46 келі салмақ дәрежесінде үздік өнер көрсеткен Әбурахман Елмұратов пен 56 келі салмақ бойынша Ермахан Орынбеков, сонымен бірге 58 келі салмақ бойынша Кристина Бутурина І орынды жеңіп алды.
Сондай-ақ, жарыс барысында басқа да жерлестеріміз, яғни 56 келіде Асылжан Алтынов, 62 келіде Мәди Айтошов, 69 келіде Арсен Сайлаубеков және 77 келіде Әділет Әбдіқалилар өз салмақ дәрежелері бойынша жүлделі ІІ орынға көтеріліп, аудан абыройын асқақтатты.
Сонымен қатар, жуырда Шымкент қаласында 20 жасқа дейінгі жастар зілтемір шеберлері арасында Оңтүстік Қазақстан облысының біріншілігі өткен болатын-ды.
Міне, еліміздің бірнеше аймағының үздік спортшыларының қатысуымен өткен дүбірлі додаға жерлестеріміз қатысып, оның қорытындысымен жоғарыда айтып өткен аталмыш спорт мектебінің жаттықтырушысы Айдар Ерәлиевтің үкілеген шәкірттері, қыздар арасында 28 келі салмақ дәрежесі бойынша үздік өнер көрсеткен Кристина Бутурина мен ерлер арасында 77 келіде барлық қарсыласын қапы қалдырған Әділет Әбдіғалилар жарыс жеңімпазы атанып, аймақ мерейін өсірді.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ.
09 ақпан 2018 ж. 1 956 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 030
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 701

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031