» » ЖЕРЛЕСТЕР ЖЕҢІСІ

ЖЕРЛЕСТЕР ЖЕҢІСІ

Жақында Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталмыш жарысқа қатысқан Сыр бойы құрама командасы сапында біздің де жерлестеріміз қатысып, нәтижелі өнер көрсетті.
Жарыс барысында №15 олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Рашида Сарбасованың шәкірті Рахымжан Келманов та қатысып, үздік өнерімен аудан мерейін тасытты. Нақтырақ айтқанда, Рақымжан Келманов 2000 метр қашықтыққа кедергі арқылы жүгіруден ІІ орынды иеленді.
Сонымен бірге, қаңтар айының 25-28 күндері самбодан Тараз қаласында 2000-2001 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының кезекті чемпионатты өтті.
Дүбірлі додада еліміздің барлық өңірінен өз салмақ дәрежелері бойынша үздік деп танылған спортшылармен бірге жерлестеріміз бақ сынады. Нәтижесінде №15 олимпиадалық резервтік мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы жаттықтырушылары Бақберген Тәтімбетов пен Марат Жұмабаевтардың үкілеген шәкірттері, яғни 48 келі салмақ салмақ дәрежесінде өңір намысын қорғаған жерлестеріміз Дәулет Тұрғанов чемпион атанса, 65 келі салмақ дәрежесінде белдесу өткізген Ержан Аппазов ІІ орынға ие болып, аймақ мерейін тасытты.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ.
06 ақпан 2018 ж. 1 681 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 125

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 280

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930