Сайыста осалдар болмайды
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында Қазақстан Қарулы Күштерінің тәрбиешілері институтының құрылуының 25 жылдығына орайластырылған волейболдан турнир өтті. Спорттық шараны аша отырып, институт бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Ораз Күшіков барлық қатысушыларды келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, сайыста баршаларына сәттілік тілеп, команда ойыншыларын адал ойынға, ал төрешілерді дәйекті төрелік етуге шақырды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Турнирге тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының командалары, батальон және рота командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары және болашақ тәрбиеші офицерлер мен психологтардан құралған бес курсанттық команда қатысты. Барлық әуесқой спортшылар өздерінің жақсы дайындықтары мен дене сымбаттылықтарын көрсеткендерін айта кету қажет. Әрбір ұпайға күресуде батальон және рота командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлардан құралған команда ойыншылары табандылық танытты. Курсанттар құралған командалар арасында тәрбие құрылымдарының болашақ офицерлері жақсы нәтижелер көрсетті.
–Спорт әрқайсысы үшін сүйікті іс болған кезде ғана тәрбие беру құралына айналады. Спорт физикалық және моральдық қасиеттерді жетілдіреді әрі тексереді. Бұл ойын бір ойыншының шеберлігінен ғана емес, барлық команданың кәсіпқойылығы мен жұмылуынан құралады. Ойыншылар бір-бірін сезініп, серіктеріне қолұшын созып, оларды көтермелеулері керек. Онсыз жақсы нәтиже шықпайтыны анық. Командамыздың жұмылуы мен табандылығы қарсыластарымыздан оза шығуға көмектесті, – деп 5 рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтенант Ернар Асқаров атап өтті.
Сондай-ақ жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру шеңберінде Спорт комитеті – АОСК нұсқаушыларының жетекшілік етуімен Өскемен және Аягөз гарнизондарының спорт кешендерінде әскери қызметшілердің балалары және спорт мектептерінің тәрбиеленушілері арасында спорттың әскери-қолданбалы және ойын түрлері бойынша спорттық жарыстар өткізілді. Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан эстафета өз мәресіне жетті. Оның қорытындысы бойынша 27943 әскери бөлімі балалар секциясының тәрбиеленушілері үздік атанды. Аягөз қаласында шағын футболдан турнир өтті. Бірінші орынды қаланың балалар мен жасөспірімдер орта мектебінің командасы жеңіп алды. Жалпы алғанда, сайыстарға жүзден аса бала қатысты. Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктар, медальдар, грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бір жыл бойы ҚР Қорғаныс министрлігі басшылығының бастамасы бойынша әскери гарнизондарда әскери қызметшілердің балаларына арналған спорттық секциялар құрылғанын және жұмыс жасап жатқанын естеріңізге сала кетейік. Бұл жерде 6 мен 16 жастағы балалар армиялық қоян-қолтық ұрыс, күрес, шағын футбол, қазақ күресі және спорттың өзге де түрлерімен шұғылдана алады.