Құрылтай
» » Алексей Полторанин - «Тур де Ски» кезеңінің күміс жүлдегері

Алексей Полторанин - «Тур де Ски» кезеңінің күміс жүлдегері

Шығысқазақстандық шаңғышы Швейцарияның Ленцерхайд қаласында өткен «Тур де Ски» кезеңінде ерлер арасында 15 шақырымды классикалық әдіспен жүгіруде жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Аталмыш сайыста облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО қысқы спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ спортшысы Алексей Полторанин жоғары нәтиже көрсетті. 15 шақырым қашықтықты 35.30.01 уақытпен бағындырған шаңғышы «Тур де Ски» кезеңінің күміс медалін жеңіп алды.
Жарыс жолына ұзын саны 75 шаңғышы шықты. Жүлде үшін таласта шығысқазақстандыққа тәжірибелі швейцариялық, норвегиялық спортшылар қарсылық танытты. Нәтижесінде небәрі 0.6 секунд басымдықпен, яғни 35.29.5 уақытпен швейцариялық Дарио Колония жеңімпаз атанды. Ал норвегиялық Мартин Сундбю үздік үштікті түйіндеді.
Айта кету керек, Алексей Полторанин бұған дейін Италияның Тоблах қаласында өткен әлем Кубогі кезеңінде осы қашықтықта қола медаль еншілеген болатын.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Шығыс Қазақстан облысы

03 қаңтар 2018 ж. 1 980 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 627
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 090

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31