» » Олимпиада жолдамасы Айза Имамбекке бұйырды

Олимпиада жолдамасы Айза Имамбекке бұйырды

Кеше ғана мәнерлеп сырғанаудан аяқталған Қазақстан чемпионатында Элизабет Тұрсынбаева жеңіп алған Олимпиада жолдамасының бірі кімге берілетіні анықталды. Нәтижесінде 2018 жылы Пхенчханда өтетін қысқы ойындарына Айза Имамбек қатысады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Астанадағы «Алау» мұз сарайында 26-28 желтоқсанда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне 11 мен 25 жас аралығындағы әр өңірден келген 80 спортшы қатысты. Сондай-ақ, мәнерлеп сырғанаудан 2018 жылы Пхенчханға баратын үшінші атлет анықталды.
Еске сала кетсек, Хельсинкиде өткен әлем чемпионатында 9-орын алған Элизабет Тұрсынбаева қос Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Екінші лицензияға биылғы біріншіліктің күміс жүлдегері Айза Имамбек ие болды. Ал оның басты қарсыласы Жансая Әдіханова үшінші орыннан көрінді. 14 жастағы Алана Тоқтарова 2017 жылғы Қазақстан чемпионы атанды. Ол жас регламентіне байланысты 2018 жылғы қысқы Олимпиадаға бара алмайды.
Бұған дейін, мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаеваның Олимпиадаға қатысатыны белгілі еді. Ал кешегі жарыстан соң үшінші лицензия Айза Имамбектің еншісінде.
29 желтоқсан 2017 ж. 1 625 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 829
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 515

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930