» » Мерей тойың құтты болсын, Балдәурен!

Мерей тойың құтты болсын, Балдәурен!

Балабақша бізге өз мүмкіндігімізді толық көрсетуге, баламен бірге балаша ойнауға, ойлауға, еркелеуге, қиял әлеміне шарықтауға, ертегілер еліне саяхат жасауға мүмкіндік береді. Ең бастысы- балабақшаны тек оқу-тәрбие ошағы деп санамай, баланы түсінетін, әрдайым көмек қолын созатын әлем деп сезіну. Осындай мейірім мен сүйіспеншіліктің аймағы Қармақшы ауданы,Ақай ауылындағы біздің №19 «Балдәурен» ясли-бақшасы. Балабақшамыз 2007 жылдың сәуір айында ашылып, содан бері он жыл үздіксіз жұмыс жасап келеді.. Осы жылдар ішінде балабақшамыз орасан зор жетістіктерге жетті. Сондай-ақ, ол мәңгілік балалық пен жастықтың ордасына айналды. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік нұрын, адамгершілік қасиеттерді сіңдіруде аянбай еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі ұстаздарымыз да баршылық. Балабақшада 24 педагог кадр жұмыс атқарады.Соның ішінде ұлылық пен жылылықты қоса алып ұлы жол көрсетіп жүрген басшымыз Жайлханова Райхан апайымызды мақтана айта аламыз.
«Балдәурен» ясли-бақшасының күнделікті өмірі бүлдіршіндердің қызықты күндеріне толы. Себебі, тәрбиешілер мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас, тәрбиешілердің іс-қимылы, тәжірибесі көпке үлгі болып, жақсылыққа бастау алып отыр.
Әсіресе Елбасының «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» атты идеясы өмірге жаңа жолдама беріп тұрғандай. Ел ертеңі осындай кішкентайлардан бастау алары сөзсіз. Дәлірек айтқанда, біздің ұжымның да мақсаты – балабақшаның әрдайым биіктерден көрінуіне септігін тигізу, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру. Ұжым педагогтары әрбір бүлдіршінді жеке тұлға ретінде қабылдап, оларды ізгілікке баулиды. Осындай жетістіктердің көп болуы, әрине басшымыздың ерен еңбегінің арқасы. Өз ісінің шебері, баланы жанындай сүйетін басшының ұжым қызметкерлерін де жүрекпен жақсы түсіне білу нәтижесінде жетістіктерге жетіп отырмыз. Балабақшада үнемі түрлі байқаулар, спорттық іс-шаралар, педагогикалық кеңестер, “дөңгелек үстелдер”, психологиялық тренингтер өткізіледі. Үстіміздегі жылы «Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу-тәрбие үрдісінде “Тәй-тәй” технологиясын қолдану тиімділігі”
тақырыбында аймақтық семинар ұйымдастырылып, онда балабақша тәрбиешілері өз тәжірибелерімен бөлісті.
Бойымыздағы бар білімімізді, асыл қасиеттерімізді періште бөбектерге арнай білсек, олардың жүрегіне жол тауып, өзіндік «мені» бар дәрежеге жеткізсек, Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесек – міне, біздің балабақшамыздың нағыз мейірім алаңына айналғаны.
Педагог-психолог Ақылбек Оспанов
05 қаңтар 2018 ж. 2 018 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031