» » ШЕБЕРЛІКТІ ШЫҢДАУ АЛАҢЫ

ШЕБЕРЛІКТІ ШЫҢДАУ АЛАҢЫ

2018 жылғы 8 қаңтар күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мәжіліс залында облыстық шығармашыл ұстаздардың Тәжірибе алаңы жұмысын қорытындылауға арналған жиын өтті.
Жиынды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Б.Елеусінов кіріспе сөзбен ашып, 15 жылдан бері өткізіліп келе жатқан тәжірибе алаңының ұстаздар үшін маңыздылығына тоқталды.
Ұйымдастыру алқасының жетекшісі С.Құсейнов «Тәжірибе алаңы» барысында өткізілген іс-шараларға байланысты есеп берсе, шара барасында деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Ж.Жұбауова сөз сөйлеп тақырып бойынша ойын сараласа, қатысушылар ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, зерделеді.
Жиын соңында институт директоры Б.Елеусінов «Тәжірибе алаңын» ұйымдастырушы институт қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.
09 қаңтар 2018 ж. 2 291 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 053
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 271

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031