Конституция
» » ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ЖАС АУЫР АТЛЕТТЕР ЖЕТІСТІГІ

ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ЖАС АУЫР АТЛЕТТЕР ЖЕТІСТІГІ

Қармақшы ауданында алғаш рет ауыр атлетикадан 2012 жылы туған және одан кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 16-23 маусым аралығында өткен байрақты бәсеке еліміздің түкпір-түкпірінен келген 300-ге жуық жас спортшының басын қосты.
Жосалы кентіндегі денешынықтыру және спорт кешенінде өткен чемпионаттың салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі. Өз сөзінде аудан басшысы соңғы жылдары спорт инфрақұрылымын дамытуға қомақты қаржы бөлініп, нәтижесінде халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын спортшылар қатары көбейіп келе жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясының вицепрезиденті Жанболат Зарлыханұлы, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вилорий Пак жарысқа қатысушыларға ақжарма тілектерін жеткізді. Аудан басшысы ауыр атлетикадан Әлем және Азия чемпионы, жерлесіміз Ерасыл Сәулебековті «Қармақшы арланы» белдігімен марапаттап, спорт саласының дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа «Спорт жанашыры» төсбелгісін табыстады.
Ауқымды жарыс қорытындысында ауданымыздың жас спортшылары да жоғары нәтиже көрсетті. 71 келі салмақ дәрежесінде Дінмұхаммед Қойшыбек чемпион атанса, 41 келіде Алпамыс Сәрсенов алтын медаль иеленді. Қыздар арасында 44 келі салмақта өнер көрсеткен Лязат Күзембаева күміс жүлдені жеңіп алды. Ал 33 келі салмақтағы Әли Бекен қола медальға қол жеткізді.
Нәтижесінде аудан құрамасы ел чемпионатын 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен аяқтады. Бұл жетістік жас спортшылардың табанды еңбегі мен бапкерлердің жүйелі жұмысының жемісі екені сөзсіз.
Қармақшы төрінде өткен республикалық чемпионат аудан спортының дамуына тың серпін беріп қана қоймай, болашақ чемпион болуға үлкен мүмкіндік алаңына айналды.
Бауыржан ЖҮНІС
30 маусым 2026 ж. 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

№47 (10515)

23 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 387
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 909

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930