» » Кубада әуе апатынан қаза тапқандар саны тағы артты

Кубада әуе апатынан қаза тапқандар саны тағы артты

23.05.2018, 08:28 30 Кубада жұма күні болған ұшақ апаты кезінде аман қалған үш әйелдің бірі ауруханада қайтыс болды. Сөйтіп апат кезінде қаза тапқандардың саны 111-ге жетті. Қалған екі келіншектің халі ауыр. Олардың денелерін қатты күйік шалған. Еске сала кетейік, мамырдың 18-і күні ел астанасы Гаванадағы «Хосе Марти» әуежайынан Ольгин қаласына ұшып шыққан «Боинг-737» көп ұзамай апатқа ұшырады. Ұшақ әуежайдан шығып, 20 шақырымдай ұшқан соң кері қайтпақ болып бұрылған кезде, электр сымдарын іліп кетеді. Бірақ қазірге дейін апатқа нақты не себеп болғаны белгісіз. Қайғылы оқиға кезінде бортта 113 жолаушы отырған. Оның ішінде 5 бала бар. Тергеу әлі жүріп жатыр. Мамандар оқиға орынынан тек 1 ғана қара жәшікті тапты.

23 мамыр 2018 ж. 1 293 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 296
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 740

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930