» » Баланың тегін өзгерту тәртібі

Баланың тегін өзгерту тәртібі

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің талаптарына сәйкес ұлттық-тарихи дәстүр бойынша әкесінің немесе атасының атынан қалыптасқан тегін өзгертуді жаңа туған баланың тууын тіркеу кезінде рәсімдеуге болады. Әкесінің немесе атасының аты бойынша тегін кәмелеттік жасқа толмаған бала үшін ата-анасының өзара келісімі негізінде өтініштері бойынша, ал 16 жас­тан асқан соң кәмелетке толған баланың өз келісімі бойынша өзгертуге мүмкіндік берілген.
Жаңа туылған баланы тіркеу кезінде әкесінің немесе атасының тегін балаға иелену ата-аналарының жазбаша өтініші арқылы жүргізіледі. Егер әкесінің аты, тегі ретінде жазылса, онда әкесінің аты жазылмайды. Тегі бірінші орында тұрады, одан кейін баланың аты жазылады.
16 жасқа дейін кәмелетке толмаған балалардың тегін өзгерту ата-аналарының өтініші бойынша жүргізіледі. Өтініш құжаттармен бірге ата-аналарының тұрғылықты орны бойынша АХАТ органдарында жүзеге асырылады.
Ал, 16 жастан асқан азаматтардың әкесінің немесе атасының аты бойынша ұлттық-тарихи дәстүрге байланысты немесе баланың кәмелетке толмай тұрып ата-анасы заңды түрде ажырасып, ол бала қәмелетке толғанға дейін екінші әкесінің тәрбиесін көрген жағдайда, іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі мен аты бойынша текті және әкесінің атын алуға болады. Бұл процесс өтініш берушінің тұрғылықты орны бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет МК» арқылы жүзеге асырылады. Өтінішке қосымша құжаттар тапсырылады және өзінің міндетті түрде жеке басының куәлігін сәйкестендіру үшін ұсынылуы қажет. Тегінің өзгеруіне байланыс­ты куәлік алу кезінде мемлекет баж алымы төленеді.
Б.Ұзынжасова,
аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ
бөлімінің бас маманы.

22 тамыз 2018 ж. 4 835 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031