1 сыныпқа қабылдау ережесіне өзгерту енгізілді
"ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдерінің жаңа ережелеріне сәйкес, осы күнтізбелік жылдың соңына дейін жасы 6-ға толатын балалар дайындық деңгейіне қарамастан, 1 сыныпқа бара алады", – деп хабарлайды Массагет порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес, жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын жеті жасқа толған және ағымдағы жылы алты жасқа толатын балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді", - делінген баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.
Биыл балалар 1-сыныпқа түсу үшін 1 маусым-30 тамыз аралығында өтініш қалдыра алады. Егер білім беру ордалары баланы қабылдаудан бас тартса ата-аналардың мекен-жай бойынша жергілікті білім беру басқармасына хабарласа алады.
Жаңа ережелеріне сәйкес қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар ағымдағы жылдан бастап 1 сыныпқа бара алады. Өйткені, балалар күнтізбелік жылдың соңына дейін алты жасқа толып, мектепке қабылдану құқығына ие болады.
Сондай-ақ, министрліктегілердің айтуынша, биыл мектепке қабылдауға қажетті құжаттардың тізімінен баланың мекенжайы жөнінде анықтама алынып тасталды.
Пікір 1