» » «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Электрондық-үкімет»-мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуге арналған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіретін жалпы мемлекеттік жүйе www.egov.kz веб порталы арқылы әрбір қазақстандық тәуліктің кез келген уақытында – өзіне керекті мәліметтерді ала алады. Соның бірі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 11 қазандағы №518 бұйрығына сәйкес «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты болып табылады. Онда «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру үшін:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет электронды (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі кезекке қою туралы хабарлама беру (ерікті нысанда), орын болған жағдайда – мектепке дейінгі ұйымға жолдама беру (ерікті нысанда) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кезектілікті басқарудың арнайы ақпараттық жүйесі арқылы ресімделеді және электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жолданады.
Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кезектілікті басқарудың арнайы ақпараттық жүйесі арқылы ресімделеді және электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жолданады.
Портал арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталған электронды құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
1)осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігі (сәйкестендіру үшін);
3)көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің (сәйкестендіру үшін) жеке басын куәландыратын құжат;
4)әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтама (бар болғанда) (берілген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде) ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болғанда);
5) ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болғанда)
6)мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжаттар (бар болғанда).
Көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, баланың мекен-жайы туралы анықтама, мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады және өтініште көрсетілген балабақшаға кезекке койылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар бар болған жағдайда қабылдау жыл бойы жүргізіледі. Берілген жолдама мектепке дейінгі ұйымға берілген күннен бастап 5 күн ішінде тапсырылуы тиіс.
Мария ТӨРЕШОВА,
аудандық білім бөлімінің бас маманы.

05 қаңтар 2018 ж. 1 790 2

JeaCold от 11 ақпан 2019 23:41
Cialis Gratis PuРіС– Comprare Farmacia Kamagra generic cialis canada Line Sale Tadalis Sx Soft M Acquistare Viagra Generico Italia

StevMype от 8 мамыр 2019 17:41
Ight Sensitivity Cephalexin Kamagra Uk Next Day Delivery Paypal 306 Viagra Acheter France viagra prix paris en charleville-mezieres Vardenafil Generique Cheap Antabuse Online Levaquin Medicine Without A Script Overseas Delivered On Saturday

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 999

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031