» » Самал "Азиялық Оскарға" ие болды

Самал "Азиялық Оскарға" ие болды


Қазақстандық актриса Самал Еслямова Гонконгта өткен Азия киноакадемиясында (Asian Film Awards Academy) «Азияның үздік актрисасы» сыйлығына ие болды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы фейсбук парақшасында жазды.

«Жаңа ғана режиссер Сергей Дворцевойдан керемет жаңалықты естідім. Гонконгта өткен Азия киноакадемиясында (Asian Film Awards Academy) Самал Еслямова «Азияның үздік актрисасы» сыйлығына ие болды», - деп жазды министр. 
Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, Asian Film Awards Academy - «азиялық Оскар» саналады. Азия киноакадемиясы номинанттардың тізімін 11 қаңтарда белгілеген. 
«Бұл өте ірі жетістік. Шығармашылық команданы шын жүректен құттықтаймын!», - дейді министр.  
Еске сала кетсек, Самал Еслямова былтыр 71 Канн кинофестивалінде ең үздік әйел образына ие болған болатын. Актриса ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» атты картинасында басты рөлді сомдаған.

BAQ.KZ.
18 наурыз 2019 ж. 1 237 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 988
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031