» » » «Айка» фильмі 14 ақпанда көрерменге жол тартады

«Айка» фильмі 14 ақпанда көрерменге жол тартады


Мәскеуде режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмінің ресми тұсаукесері өтті, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.
Басты рөлді 2018 жылы Канн фестивалінде үздік актриса деп танылған Самал Еслямова ойнағаны белгілі.
Сергей Дворцевойдың «Айка» атты драмасын ресейлік баспасөз өкілдері «қазақстандық сенсация» деп бағалады. Қазақстан атынан ұсынылған туынды «Оскардың» қысқа тізімінде «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына енді.
Түсірілімге Ресей, Қазақстан, Польша, Германия және Қытай кинематографистері қатысқан, ал басты рөлді қазақстандық актриса Самал Слямова сомдады. Шығарма Канн кинофестивалінде жоғары бағаланып, Самал Еслямова «Үздік актриса» номинациясын жеңіп алды.

Самал Еслямова, басты рөлдегі актриса:
- Фильм біздің кинематографияға деген, біздің іске деген үлкен сүйіспеншілігіпен түсірілген. Біз оған бар күшімізді салдық. Сондықтан, менің ойымша, ол әрдайым көрермендердің көңілінде орын табады.
Сюжет желісі Қырғыз Республикасынан Мәскеуге келген қыздың қиын тағдырын суреттейді. Фильмде Ресей астанасы өзге қырынан көрсетіліп, мегаполисті мигранттардың көзімен суреттейді.

Яна Кабнацкая, көрермен:
- Өте шынайы түсірілген. Әртістер өз рөлдерін шебер сомдаған. Фильмде сіз бен біздің күнделікті өмірде мән бере бермейтін нәрселер көрсетіледі. Кейде күйбең тіршілікпен жүргенде, осындай қайғылы оқиғалар назардан тыс қалады.

Елена Майорова, көрермен:
- Актерлік рөл таңқалдырды. Өте ауыр оқиға болса да өзі алып шықты. Фильмді көргенде кейіпкермен бірге қобалжып отырасың. Әрине, қиын жағдай болғандықтан мемлекет тарапына да, Мәскеу айналасында да көкейде үлкен сұрақ туындайды.  
Деректі фильм жанрындағы туындыға түскен әртістер кәсіби мамандар емес. Түсірілім алты жылға созылған. Бір жарым сағаттық фильмде басты кейіпкердің бес күндік өмірі көрсетіледі.

Сергей Дворцевой, режиссёр:
- Мен Самалмен жұмыс істедім және оның мүмкіндіктеріне қарап, бұл рөлді тек Самал ғана жақсы орындап шығатынын білдім. Бұл өте қиын рөл. Бірақ ол оны керемет ойнады. Біз қазір Самалмен Астанада және оның туған жері Петропавлда болатын көрсетілімдерге бара жатырмыз.

14 ақпанда «Айка» фильмі қазақстандық және ресейлік көрермен назарына ұсынылатын болады.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Дана Нуржан, Александр Любителев

11 ақпан 2019 ж. 1 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031