» » » Бүкіл әлемге қазақ өнерін мойындатқан "Айка" фильмі қыркүйек айында көрсетіледі

Бүкіл әлемге қазақ өнерін мойындатқан "Айка" фильмі қыркүйек айында көрсетіледі

Бүкіл әлемге қазақ өнерін мойындатқан
Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмі қазақстандық көрерменге биылғы күзде Almaty Film Festival кинофестивалінің аясында ұсынылады. Канн кинофестивалінде "Үздік актриса" аталымын жеңіп алған Самал Еслямованың қатысуындағы таспа 15 қыркүйек күні көрсетіледі.
Картинаның продюсері Гүлнар Сәрсенованың айтуынша, Қазақстанда фильмнің соңғы нұсқасы көрсетіледі екен. Ол сондай-ақ, көрсетілімге келетін көрермендерге мұның Мәскеудегі қырғыз мигранттарының мәселелерін қозғайтын кино екенін ескерте кетті. 
Толықметражды таспаның жұмысы алты жылға созылған. "Айканың" бюджеті 2,5 миллион еуроны құрады. 2018 жылдың мамырында фильм Каннда көрсетілді.
Картина сюжеті Ресейдің астанасына заңсыз өтіп кеткен Қырғызстаннан шыққан бойжеткеннің айналасында өрбиді. Айка есімді кейіпкер сәбиін перзентханаға тастап кетеді. Алайда, уақыт өте келе бойжеткен сәбиінсіз өмір сүре алмайтынын түсініп, тастап кеткен баласын іздеуге кіріседі.
Еске сала кетсек, Almaty Film Festival-де Әділхан Ержановтың "Әлемнің мейірімді бейжайлығы" фильмінің тұсауы кесіледі.
17 тамыз 2018 ж. 1 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 831
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 553

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930