» » » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ КҮНІНЕ ОРАЙ «DRIVE FORUM BAYKONUR» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ КҮНІНЕ ОРАЙ «DRIVE FORUM BAYKONUR» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ


Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданында «DRIVE FORUM BAYKONUR» атты халықаралық деңгейдегі фестиваль өтті. Екі күнге жалғасқан бұл ауқымды шара Сыр өңірінің тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттап, аймақтың туристік әлеуетін арттыруға бағытталды.

Форумға Ресей, Түркия, Түрікменстан және Қырғызстан мемлекеттерінен келген 60-қа жуық турист қатысты. Алғашқы күні қатысушылар Байқоңыр қаласындағы мәдени-танымдық нысандармен және «Байқоңыр» ғарыш айлағының тарихи орындарымен танысты.

Фестиваль бағдарламасының келесі бөлігі Қармақшы ауданындағы тарихи «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінде жалғасты. Мұнда форум қонақтары қазақ халқының терең рухани байлығы және ұлттық дәстүрлерімен кеңінен танысты.

Форум қатысушыларына арнап құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы ауданымыздың туристік әлеуетіне және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Сондай-ақ, форумға Аэроғарыш комитетінің “Байқоңыр” ғарыш айлағы басқармасының басшысы Азамат Серікұлы, Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Сергей Андреевич арнайы келіп қатысты.

Мерекелік шара дәстүрлі күйлермен жалғасып, көрермендерге ұлттық рухты терең сезінуге мүмкіндік берді.

Айта кетейік, «DRIVE FORUM BAYKONUR» фестивалі — аймақтық туризмді дамытуға, сондай-ақ ауданымыздың тарихи және мәдени нысандарын халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған маңызды шаралардың бірі.

30 қыркүйек 2025 ж. 3 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930