» » «ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНЕ САЯХАТ ТУРИСТІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫ» БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ МЕН ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

«ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНЕ САЯХАТ ТУРИСТІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫ» БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ МЕН ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ


Күні кеше Сыр өңіріне арнайы келген халықаралық туристік экспедиция мүшелері Байқоңыр қаласы мен киелі Қармақшы ауданына табан тіреді.

Құрамында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің 100-ден астам өкілі бар «Еуразия жүрегіне саяхат» экспедициясы алдымен әлемге әйгілі Байқоңыр ғарыш айлағында барды. Қонақтар ғарыш зымырандарының ұшу алаңы мен тарихи музейді аралап, адамзаттың ғарышты игеру жолындағы алғашқы қадамдарына куә болды.

Мұнан соң, экспедиция мүшелері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Байқоңыр қаласындағы “Тағзым алаңына” барып, мәңгілік алау жанына гүл шоқтарын қойды.

Сапар әрі қарай Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалды кешенінде жалғасты. Мұнда туристерді қазақтың салт-дәстүріне сай ұлттық киім киген өнерпаздар қарсы алып, арнайы әзірленген дәмнен ауыз тигізді. Қонақтар кешен ішіндегі Қорқыт мұражайын аралап, ұлтымыздың тарихи-мәдени құндылықтарымен жақын танысты.

Бұл сапардың мақсаты — Еуразия кеңістігіндегі тарихи нысандар мен мәдени мұраларды дәріптеу, мемлекетаралық туризмді дамыту және Сыр өңірінің бай тарихын таныстыру.

Ендігі кезекте экспедиция мүшелері Қызылорда қаласындағы бірқатар нысандарды аралайды деп жоспарлануда.

@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

26 маусым 2025 ж. 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 084
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 742

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031