» » Сыр өңірінде «CITY TOUR» ұйымдастырылды

Сыр өңірінде «CITY TOUR» ұйымдастырылды

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақстан – ғарышқа жол» атты отандық турфирмалар мен БАҚ өкілдеріне арналған ақпараттық тур қатысушыларына Сыр өңірінің көрнекті жерлері таныстырылды және «City Tour» ұйымдастырылды.
Экскурсия аясында қонақтар «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенін, Қызылорда және Байқоңыр қалаларындағы мәдени нысандарды аралады. Тур барысында ең алдымен Қармақшы ауданы Жосалы кентінде орналасқан «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенінде болып, кешен жанынан ашылған мұражайды тамашалап қайтты.
Одан соң Байқоңыр қаласындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағы тарихи мұражайы, «Союз» зымыран тасығыш монументі, Ю.А.Гагарин мен академик С.П.Королев ескерткіштері, сондай-ақ, «Ғылым және ғарыш» стелласының тарихымен танысу сәтіне куә болды.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы Аида Керімқұлованың қолөнер орталығына, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, «Айтбай» мешітіне, А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйіне, облыстық көркемсурет галереясына және «Рухани жаңғыру» мұражайына аялдады.
Турдың негізгі мақсаты – Сыр өңіріндегі мәдени-тарихи нысандарды туристік компаниялар мен блогер, трэвел-блогерлерге кеңінен таныстыру, сонымен қатар осы арқылы туристерді қызықтырып, тартып, аймағымыздың туристік әлеуетін бүкіл республикаға паш ету.


31 қазан 2021 ж. 827 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930