ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІОБЬЕКТІЛЕРІНЕ САЯХАТ БАҒЫТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨЛКЕТАНУ АКЦИЯСЫ
Қызылорда облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» базалық бағыты аясында Ақмола облысының оқушылары Сыр өңіріне келді.Аталған шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Іс-шараның мақсаты: Ақмола облысынан келген оқушыларды Сыр елінің мәдениеті мен тарихын, киелі жерлермен таныстыра отырып, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Экскурсияға Ақмола облысының әр ауданынан аз қамтылған отбасылардан шыққан, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, мектеп олимпиадаларында, біріншіліктерде және жарыстарда жеңімпаз болған 70 оқушы келді.
Экскурсияның алғашқы күні Қызылорда қаласының көрікті жерлерін, атап өтетін болсақ, Қызылорда облыстық өлкетану музейімен, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен танысу. Ұлттық ойын түрлерінен командалық сайыстар, интелектуалды байқаулар ұйымдастырылды.
Екінші күні Қармақшы ауданындағы «Қорқыт Ата» мемориалдық кешеніне жолға шығып, Байқоңыр қаласындағы көрікті жерлермен және музейдің жұмысымен танысты.
Экскурсияның соңғы күні Жаңақорған ауданына жолға шығып, Ортағасырлық Сығанақ қалашығымен және Шиелі ауданындағы Нартай Бекежанов атындағы музейі, Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі аралады. Қызылорда қаласындағы Мұз айдыны кешенінде мәнерлеп сырғанудан жас қызылордалықтардың өнерін тамашалап, коньки тебудің қыр-сырына қанық болды. Кешкі сағат 20-00 ден 21-00 ге дейін қонақтарға естелік сыйлар табыстап, шараны ұйымдастырушылар келген қонақтарды салтанатты түрде шығарып салды.