» » ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қызылорда облыстық музейі "Рухани жаңғыру" орталығымен бірлесе отырып, "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы бойынша "Тарих толқынында" атты тарихи-танымдық саяхат ұйымдастырды. Саяхатқа "Рухани жаңғыру" орталығы тарапынан Қызылорда қалалық оқушылар мәслихатының белсенді жастары тартылып, ежелгі Жетіасар мәдениеті ескерткіштерінің бірі - Жалпақасар қалашығына, ортағасырлық Сортөбе қалашығына және Қорқыт Ата тарихи-мемориалдық кешеніне облыстық музейдің "Археология және этнография" ғылыми зерттеу бөлімі қызметкерлері тарихи-танымдық экскурсия жүргізді. Саяхат барысында оқушылар ежелгі және ортағасырлық қалалардың тарихымен, сәулет өнерімен, тұрмыс-тіршілігімен танысты. Оқушылар бір мезет сол уақытқа оралып, сан ғасыр бұрын өмір сүрген халықтың табанының ізі жатқан жерде тұрып, қолдарының табы қалған бұйымдарды ұстап, ерекше әсерде қайтты. Жастар бір сәт археолог ретінде өз қолдарымен ескі керамикалық ыдыстардың сынықтарын тауып, ғасырлар арасындағы тылсым байланысты сезінді. Саяхатқа 25 оқушы, "Рухани жаңғыру" орталығының, Қызылорда облыстық музейінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
17 маусым 2018 ж. 2 490 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 101
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 752

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031