» » УАҚЫТ. ТҰЛҒА ЖӘНЕ БҮГІНГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК

УАҚЫТ. ТҰЛҒА ЖӘНЕ БҮГІНГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК

 Қызылорда облыстық Ішкі саясат басқармасы мен «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен «Уақыт. Тұлға және бүгінгі бәсекелестік»атты тарихи-танымдық шарасы өтті.

Жиынға Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры  Нұрлыбек Мыңжас, бөлім басшысы Әлима Әбдіқалықова қатысты. Тәуелсіздік жылдары жетістікке жеткен аймақтағы мақтан тұтар тұлғалар ментүрлі ұлт өкілдерінің өмір тарихы жас ұрпаққа табысқа жетудің жолын көрсетеді.Жетістікке жеткен замандастарымыз бен бүгінгі Қазақстанның жетістігін жасаушылардың өмірі және еңбек жолын насихаттау – басты мақсат.
Шараның мақсаты – қоғамның рухани жаңғыруы және сананың ашықтығын қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті нығайтудағыбәсекеге қабілетті, табысқа жеткен тұлғалардың өмірін, жетістіктерін жас ұрпаққа үлгі ету, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына ұсынылған Сыр өңірінің мақтан тұтар азаматтарын насихаттау.
Шара аясында«Табысқа жеткен тұлғалар» тақырыбымен орта мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің Қызылорда облысының дамуына ерекше үлес қосқан, сондай-ақ Қазақстандағы ұлттық бірегейлікті қамтамасыз етуде бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай табысқа жеткен тұлғалардың өмірінен тарихи фотолар, естелік құжаттары мен отбасылық құндылықтарды айқындайтын видеоролик, суреттер көрмесі өтті.
«Қазақстанның 100жаңа есімі - жетістіктер тарихы»студент жастардың TEDх форматындағы ғылыми-ақпараттық жұмыстарының презентациясы өтті. Презентацияда «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына ұсынылған Сыр өңірінің 75 азаматы мен  жобаның 4 жеңімпазы жайлы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде дайындалған видеоматериалдар ұсынылып, жас ізденішулердің пікірлері тыңдалды.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысушылар, жоба жеңімпаздары, түрлі этностың мәдени орталықтары, оқушылар, студент-жастар, барлығы 2000-нан астам адам қатысады. 

19 ақпан 2018 ж. 1 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930