» » Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласындағы арнайы жобалардың бірі "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасын жүзеге асыру мақсатында, Қызылорда облысынан жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енгізілген 12 тарихи-мәдени ескерткіш, өңірлік қасиетті нысандар тізіміне 35 тарихи-мәдени ескерткішті қамтитын "Қасиетті Қазақстан және Археология" залының ашылу салтанаты өтті.
Аталған залдың ашылуы Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорын толықтыру үшін және «Қасиетті Қазақстан» арнайы жобасы аясындағы атқарылған жұмыстарды халыққа насихаттау бағытындағы жұмыстарды жүргізеді.
Сонымен қатар, Республика бойынша алғаш рет Қызылорда облысында Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасы аясындағы тарихшылар мен өлкетанушылардың облыстық форумы болып өтті.
Аталған шараларға Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жанындағы "Қорқыттану және өлкетарихы" Ғылыми зерттеу орталығының директоры Бағдат Кәрібозұлы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің оқытушысы, Рһ доктор Омаров Дәулет, тарих ғылымдарының кандидаты, Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Мыңжас Нұрлыбек Кәрібозұлы, шығыстанушы, филология ғылымдарының кандидаты, Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы «Рухани қазына» бөлімінің басшысы Қосанов Серікбай Қылышбайұлы және тарихшылар, өлкетанушылар, музей мамандары мен жергілікті ЖОО-ның ғалымдары мен оқытушылары, студент жастар мен БАҚ өкілдері қамтылды.
16 ақпан 2018 ж. 2 465 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930