» » Рухани мұралар – басты ұлттық құндылығымыз

Рухани мұралар – басты ұлттық құндылығымыз

Биыл облыс бойынша көне тарихи қалаларды зерттеуге зор мән берілді. Соның бірі Сортөбе ортағасырлық қалашығы. Қалашық Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен батысқа қарай 12 шақырым қашықтықта орналасқан. Яғни, Қорқыт ата кесенесіне жақын маңда. Бұл көне қалаға археолог Әзілхан Тәжекеевтің жетекшілігімен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы қазба жұмыстарын жүргізді. Ескі қалашық Қорқыт ата кесенесіне дейін тура 10 шақы­рымдай жерде.
– Бүгінде қалашық қалдығы апатты жағдайда тұр. Оның бір бөлігін Сырдария өзені шайып, қалашықтың сақталуына кері әсерін тигізуде. Сондықтан да археологиялық зерттеулердің басты мақсаты жедел түрде қазба жұмыстарын жүргізіп, маңызды материалдарды анықтап, қала жөнінде толық мағлұмат алу,- деді археолог.
Бұл жерден түрлі құмыра сынықтары, нан жабуға арналған тандыр пештер мен мал сүйектері мен мыстан жасалған басқа да заттар табылған.
Аймақ көлемінде 532 тарихи-мәдени мұра мемлекет қорғауына алынған. Оның 21-і республикалық, 274-і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген. Бұдан бөлек, соңғы жылдары облыс әкімінің тікелей ықпалымен құрылған облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің шешімімен аталмыш салада ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның нәтижесінде 9 тарихи нысан ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгі­зілді. Отыздан аса ескерткіштің қорғау аймағы бел­гіленді.


14 ақпан 2018 ж. 2 784 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 412
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 209

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930