» » Израиль археологтары VII ғасырдағы Иерусалим билеушісінің мөрін тапты

Израиль археологтары VII ғасырдағы Иерусалим билеушісінің мөрін тапты

Израиль археологтары Иерусалимде біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырдағы қала билеушісінің мөрін тапты.
Балшықтан жасалған жәдігер шаһардағы «Жоқтау қабырғасы» деп аталатын ескі  ғибадатхананың маңынан шыққан.
Диаметрі – 15, ал қалыңдығы 3 миллиметрдей  көне бұйымда бір-біріне қарап тұрған екі ер адам бейнеленген. Үстінде жолақты ұзын киім. Мамандардың пайымдауынша, қала басшысы мөрді хаттарға басып отырған немесе құрметті шаһар тұрғындарының біріне сыйлық ретінде берген.
Көне заманғы олжаға қатысты қазіргі Иерусалим мэрі Израиль біздің эрамызға дейін VII-ші VI-шы ғасырдың өзінде бай-қуатты қаланың бірі болған деп мәлімдеді. Ал тарихқа жүгінсек, Иерусалим басшылары Киелі кітапта екі рет аталған.
Шломит Уэкслер-Бдола, археолог:
– Иерусалим басшысы деген жазуы бар мөрді кездестіруіміз алғаш рет. Осы уақытқа дейін  шаһар билеушісі туралы тек Киелі кітаптан ғана біліп келгенбіз. Онда ол жөнінде екі рет айтылады. Міне табылған жәдігердің маңыздылығы да осында.
24.kz
03 қаңтар 2018 ж. 1 428 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 064
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 728

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031