» » » Жаңғырғыңыз келсе мұражайға барыңыз

Жаңғырғыңыз келсе мұражайға барыңыз

Өткендібілу - әрұрпақтыңпарызы. Ұққанғаұғымыкеңсөзбұл. Асылындабабажұрттыңғұмыртарихынақанықпай, өмірдағдысынбілмейөмірсүруқылмыссияқтыкөрінедібізге. Бүгінгікешегісізболмас, ертеңгібүгінгісізболмасдегенғой. Бірсөзбенайтқанда, өткендібілу - кімекеніңдібілу, кімболмағыңдыбажайлау. Міне, осындайтәмсілденсоңұлттарихынаүңілуқажет-ақ. Олүшінқайтпеккерек? Бастысы - мұражайғабару.
Мұражай деген қасиетті шаңырақ қай жерде де бар. Бірақ, Қармақшы аудандық-өлкетану музейінің іргесі қаланғаны кеше. Бұған дейін аудан халқы Қорқыт ата кешеніндегі мұражайға місе тұтып келген. 2016 жыл өлке тарихындағы елеулі жыл болды. Заманауи жабдықталған мұражай ашылып, өткеніміз кең насихатталып келеді.
Жаңадан жасақталған мұражайда не бар дейсіз ғой? Баба тарихы мен елдің бүгінін айшықтайтын талай мұра бар мұнда. Ол үшін «Қармақшы аудандық-өлкетану музейі» мемлекеттік коммунал­дық қазыналық кәсіпорнының директоры Дәурен Ержановты мазалаудың қажеті жоқ, мұражай қыз­меткерлерінің кез келгені тарихи жәдігерлермен таныстырып береді.
Айтқандай, біз мұражайдың есігін қаққанда аталмыш мекеменің аға ғылыми жетекшісі Ерсін Тоқтаров күлімдей қарсы алды. Содан ала жөнелді. Біз білмеген, біз көрмеген әлемге жетелей кетті. Екінші Дүниежүзілік соғыстың майдангері Мырзахмет Досқалбаевтың соғыста киген оқ тескен «шлемінің» өзі қандай тарих десеңізші.
– Музейдің ғимараты 2015 жылдың 1-қыркүйе­гі­­­­­­­­­­­нен бастап пайдалануға берілгенмен, мекеме жұмысын 2016 жылдың 10-желтоқсанында бас­тады. Айтулы датада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев музейді ашып, алғашқы көрмеміз көрер­менге жол тартты. Мұнда археология, этнография, табиғат, Ұлы Отан соғысы, өнер және мәдениет, спорт, білім, медицина, ауылшаруашылығы, тәуел­сіздік, рәміздер, Қорқыт ата және Байқоңыр бұрыш­тары бар. Кенттегі мектеп оқушыларының бірсы­пырасы музейді аралап шықты. Мұндағы құнды дү­ниелерді насихаттау үшін көшпелі көрме­лер ұйым­дастырылады. Одан бөлек, жуырда аудан­дық қолөнер шеберлерінің отырысы өткізіліп, қаза­қы бұйымдарды көрмеге қою жоспарланды. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Қор­қыт ата ке­шені маңындағы этноауылда көрме ұйым­дас­тырдық, – деді Е.Тоқтаров.
Ерсін Жақанұлының алғашқы аялдамасы «Археология» бұрышы болды. Былайша айтқанда, бұл экспонаттың артық ештеңесі жоқ. Шағыр құмның бетінде археолог құралдары: күрек мен фотоаппарат және көне қыш құмыраның бөлшектері. Не байқадық дейсіз ғой, ескі мен «жаңаның ескісі» жинақталған бұл бұрышта тұтас археология әлемі жатыр. Бірер минут бұрын археолог құнды жәдігер тауып, оны суретке түсіріп, тарихи ескерткіш басынан кетіп қалғандай әсер қалдырады. Фото құрылғы да тым ескі. Қазіргілер мұндайды қолданбайды да.
Мұражайдағы менмұндалайтын экспонат – Сыр өңірін мекендейтін жануарлардың тұлыбы. Төрде аң төресі арлан тұр. Алысқа көз тігеді шіркінің. Одан беріде дала доңызы, түлкінің үш түрі мен өзге де жануарлар Сыр табиғатының кереметін суреттейді.
Айтпақшы, басты дүние мұражай екі бөлімнен құралған: «Өлке тарихы» және «Тәуелсіз Қазақ­стан» залдарынан тұрады. Бірінде – кешегіміз, екін­шісінде – бүгініміз. Екі бөлім – екі түрлі әсер сыйлайды. Әдетте қазақ батыр халық болған дейміз. Ал оның батырлығын дәріптейтін қару-жарақ атау­­лы осында. Кейде бабамыз өнерді биік бағалаған дейміз, кешегі қазақ қолданған аспаптар да сап түзеп тұр. Тарихты кезең-кезең бойынша қамтыған мұражай ежелгі дәуірдегі қалалық мәдениеттер мен кешегі алмағайып Алаш азаматтарының бой көтерген тұсындағы, одан қалды қылышынан қан тамған патшалық дәуір мен коммунизмді насихаттаған советтік кезеңдерді толық қамтыған. Әсіресе, тұлғатану мәселесіне келгенде мұражай қызметкерлері қалыс қалмаған. Сыр өңірінің, оның ішінде Қармақшы топырағының дүлділі мен бұлбұлы, батыры мен ел басқарған азаматтары мұражай төрінен «орын алған».
Қазақ елінің егемендігін алғаны кеше сияқты еді. Міне содан бері талай-талай қилы кезең өтіпті. Жыл артынан жыл өтіп, күнде дамудың жаңа сатысына өткен сайын тәуелсіздік алған дата артта қалып барады. Мәселен, қазақтың маңдайына біткен асылдары бедерленген тұңғыш ақша номиналы шынын да тарихи жәдігерге айналды. Елбасы арнайы тапсырмасымен Лондон төрінде басып шығарған ақшаның айналымнан түскені қашан. Міне, сол жәдігер мұражайдың «Тәуелсіз Қазақстан» залынан орын тепкен. Тәуелсіздік жылдары тер төккен тұлғалы ел азаматтарының бұйымдары осында жайғасқан. Сондай-ақ, тек Қармақшы мен Қызыл­орданың емес, күллі қазақ елінің мақтанышы бол­ған Байқоңыр ғарыш айлағының макеті мен алаш жұртының абызына айналған Қорқыт ата кешенінің көшірмесі де бұл маңнан табылады.
Тарихты білмекке, баба тұрмысын зерделемекке мұражай қажет-ақ. Ал заманауи жабдықталған мұражайды тамашалау, ондағы кешегі қазақтың тұтын­ған бұйымын көру қажет-ақ. Рухани жаңғыру – тарихтан басталады. Демек, рухани кемелденгіңіз келсе, мұражайға барыңыз, тарихтан сусындаңыз.
Мағмар МАҚСЫМ.
19 қаңтар 2018 ж. 1 753 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031