» » » СЫРҒА ТОЛЫ СЫРЛЫТАМ

СЫРҒА ТОЛЫ СЫРЛЫТАМ

Қармақшыөңірітарихимұра­лар­ғабайөлке. Біздіңжеріміздеболғантарихиоқиғаларжай­лықа­зақ­тыңғалымыМекемтасМырзах­метов, ӘлкейМарғұлан, ӘуелбекҚоңыратбаевтартүрліғылымитұжы­рым­­дарайтса, жазушыларСәбитМұқанов, МұхамМЕДЖАНҚаратаевтаршы­ғар­маларжазды. ОғызхандығыкезіндеБаят, Қияттай­паларыбіздіңжеріміздемекенет­кеніғылымизерт­теулер, жер, су, мазарлараттары, ескер­ткіштерарқылыбелгіліболған.
Жеріміздегі Қорқыт ата, Қармақшы ата, Марал баба, Қалқай ишан кесенелері ха­лықты рухани тәрбие жағынан бағыттап отыратын зиялы адам­дардың тарихта бол­ға­нын дә­лел­дейді.
Аудандағы Тағай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 16 шақырым жерде орналасқан Сырлытам кесенесіне тоқтал­мақпын.
Ескерткіш Жаңадария өзенінің көне арнасының алқабында орналасқан. Сырлытам кесенесі пор­талды-күмбезді, бір камералы құрылысқа жатады. Ескерткіштің жалпы биіктігі күмбезбен бірге 13 метрді құрайды. Кесене төрт бұрышты күйдірілген кірпіштен қаланған. Сәулет өнері жағынан оның өлшемі 10×11 м, ғимараттың сақталып қалған биіктігі 9 метр болып табылады. Салмақ түсетін қабырғаларының қалыңдығы әр түрлі болып келеді – солтүстігіндегі 2 метр, батыс және шығысындағы 1,5 метр, оңтүстігіндегі 1 метр. Кесененің оңтүстік және солтүстік жағында терең қуыстары бар екі есігі бар. Кіреберістер жалпақ жарма есіктермен жабылған. Кесененің шатырындағы 6 метр күмбезі 16 қырлы күмбез астындағы барабанда орнатылған. Кесене күмбезі екі қабаттан тұрады: сыртқысы күмбез астындағы барабан тәрізді 16 қырлы пирамидаға ұқсас, ал ішкі қабаты жартылай сфера тәріздес болып келеді. Күмбездің сыртқы және ішкі қабаттары бір-бірімен қырлардың бұрыштарында орналасқан қаттылық қабырғалармен бекітілді. Биіктігі 7,5 метр порталдың оңтүстік секторға бағытталған призмалы корпусқа жазылған, терең қуысы бар, айқышты қабырғада кірме ойығы бар сүйір аркасымен жабылған порталды терең қуысы бар. Порталды қуыс қазіргі күнге дейін сақталынбаған араб графикасымен ойып өрнектелген күйдірілген саздан жасалған плиткалардан жасалынған «П» әрпі тәрізді белдеумен қамтылған.
Бұл ескерткішпен аттас Сырлытам күмбезі атты екінші ескерткіш Қызылорда қаласының батысында «Іңкәрдария» совхозының жерінде тұрғанын ғалым Ә.Қоңыратбаев «Сыр бойында - Сырлытам» атты мақаласында жан-жақты деректер келтіріп жазған (Ертедегі ескерткіштер, Алматы, «Өнер», 1996 ж.). Ә.Қоңыратбаевтың жазба деректеріндегі бұл Сырлытам мазары «Ислам дінінің әсерінде емес, шаманизм рухында салынған. Мазардың есігі біреу, ол құбылаға емес, шығысқа қараған. Оның ішіндегі сегіз мола да шаман салтымен теріскейге қарата жерленіпті. Дөңгелек кірпіштен өрілген екі босағаның арасына орнатылған ою-өрнек үлгілері түрікмендердің қалы кілеміне ұқсас» делінген.
Қазақтың сәулетшісі М.Сембин сәулет өнеріндегі ескерткіштердің кейбір жиі кездесетін атаулардың мағынасын талдап, былай жазды: «Ішкі көріністегі сәндік өрнегімен, қасбеті оюлы терракотасымен қапта­луымен Сырлытамды байланыстыру жөн (сыр­лы–әшекейленген). Қазақстанда осылай атал­ған кесенелердің бірнешесі бар және олар түрлі аймақтарында орналасқан (Ақмола, Қостанай, Қызылорда облыстары)».
Қармақшы ауданы аумағындағы Қызылқұм ішін­дегі Сырлытам күмбезінің ерекшелігі – есігі біреу емес, екеу. Алдыңғы кіре беріс есік батысқа (құбылаға) қараса, артқы есік шығысқа қарай ашылған. Күмбез төбесі жабық. Күмбез қабырғаларынан жарық түсер­лік үш­бұрышты бірнеше тесіктер ғана жасалған. Есіктен 3 метрдей биік маңдайша доғалданып иіліп өрілген қыштар аспан түстес көк сырмен боялған. Бұл бояу ескерткіш салынғаннан бар бояу деседі. Ескерткіштің батысқа қараған кіре беріс есігінің екі жағында адам қолы жетерлік жерде арабша жазылған жазулар із­дері бар.
Уақыт пен адамзаттың әрекеті көне ескерткіштерді аямайды, өкінішке орай бұл Сырлытам кесенесіне де байланысты. Жергілікті ақсақалдардың айтуынша, ХХ ғасырдың ортасында кесененің шатырын «Өзбек­торға» сексеуілді дайындау бойынша кәсіп­орынның кәсіп еткен трактористері арқанмен жұлып әкеткен. Дегенмен қабырғалары бүтін және аман болып қалды. Ескерткіш қатты қирағандықтан, 2000 жылдардың басында тарих және мәдениет ескерткішіне күрделі қайта құру жұмыстары жүргізілді. Күмбездің, портал мен жерлеу камерасының сыртқы және ішкі қабырғаларының толығымен жойылған бөлшектері қалпына келтірілді, есіктері қайта орна­тыл­ды. Кесене қайта қалпына келтірілгеннен кейін өзінің бастапқы түріне ие болды.
Талай жылдар қараусыз, ескерусіз жатқан ескерт­кіштерімізге еге болып, жәдігерлерімізге жана­шырлықпен қарауға Елбасы Н.Назарбаевтың 2004 жылы қабылдаған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы өшкенімізді жандандыруға, жаңа істерге жол ашқан игі бастама болды.
Қ.СӘРСЕНБАЕВА,
К.Рүстембеков атындағы «Жыраулар үйі» КМҚК-ның маманы.
31 қаңтар 2018 ж. 2 738 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031