» » ҚҰПИЯҒА ТОЛЫ ҚҰЛПЫТАСТАР ТУРАЛЫ БІР ҮЗІК СЫР

ҚҰПИЯҒА ТОЛЫ ҚҰЛПЫТАСТАР ТУРАЛЫ БІР ҮЗІК СЫР

 
Құлпытас сөзінің астарында терең мән жатыр. Оның астарын ақтарып көру үшін араб әліпбиін білу керек. Қазір бұл әліпбиді білетін тұлғалар санаулы.
Жалпы құлпытас туралы тоқталып өтетін болсақ ол-бейітке қойылатын тас белгі. Ұғым-түсініктері мен салт-дәстүрлеріне қарай дүние жүзі халықтарында құлпытастың көптеген түрлері кездеседі.
Ежелгі Шумер, Мысыр, Этрустар заманында құлпытастар адам мүсіні түрінде жасалынды. Құлпытасқа адам бейнесін қашап, мәйітпен бірге қою дәстүрі ғұн заманы, түрік қағандығы, қыпшақ, түргеш дәуірлерінде кең жайылды.
Құлпытастардың шығу тегі, рәміздік мән-мағынасы туралы ғылымда нақты тұжырым қалыптаспаған. Қалай болғанда да, қазіргі қазақ даласындағы құлпытастардың арғы тарихы сақтар мен ежелгі түркілердің тас мүсіндерімен, сондай-ақ көне түркілер жазуы қашалған бітіктастармен байланысты екендігі анық. Қазақ даласындағы құлпытастардың даму эволюциясы Батыс және Оңтүстік Қазақстанда сақталған құлпытастардан көрінеді. Құлпытастарды әрлеу, нақыштау, бедерлеу ісі сол кезеңде өмір сүрген халықтың қолөнері мен мемориалдық үрдісінің, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен дүниетанымының белгісі іспетті. Мысалы, түркі жерінде ислам дінінің бел алуына орай бейнелі құлпытастар орнына өрнекті көктастар қойылатын болды. Ислам дінінде қабір басына белгі қоюға рұқсат етілгенімен, аса үлкен құлпытас қойып, оған адамның, малдың немесе әлдебір заттың суретін бейнелеуге тыйым салынуына байланысты құлпытастарға арабша Құран сүрелері мен аяттар жазу өнері етек алды. Түркістандағы Иасауиге қойылған құлпытас, сондай-ақ сонда жерленген қазақ халқының атақты хандары мен қайраткерлерінің басына қойылған құлпытастарда осы үрдіс сақталған. Жалпы құлпытас туралы кішкене түсінік бере келе, Қармақшы өңірінде орналасқан құлпытастарға тоқтала кетсек.
Қызылорда облысы, Қармақшы ау­даны, Жосалы кенті, Тоқтаров көше­сінің бойында Қармақшы ата қорымы ор­на­лас­қан. Қорымда Қар­мақ­шы ата кесенесі мен онымен мер­зім­дес тегістелген бейіттер және араб әріптерімен жазылған құлпытастардың орналасуымен тарихи орын деп есептеуге болады. Себебі қорым бір қарағанда қазіргі заманның қорымына ұқсайды, мұнда ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында көптеген бейіттер түсіп кеткен. Сол себепті қорымды екі кезеңмен мерзімдеуге болады.
Қорым солтүстіктен оңтүстікке 140 метр, шығыстан батысқа қарай 190 метр аумақты алып жатыр. Қорым шағын төбенің басына салынған. Кейіннен орын болмағандықтан етегіне де бейіттер салынған. Қорымның солтүстік (Қармақшы ата кесенесі аймағы), батыс, орталық бөлігі ХІХ ғасырмен мерзімделетін жерлеу орындары орналасқан. Ал шығысы, солтүстік-шығысы, ішінара оңтүстік бөлігінде қазіргі жерлеу құрылыстары салынған. Ежелгі жерлеу құрылыстары кесене, жоспары төртбұрышты, шеңберлі немесе жай топырақ үйіндісі ретінде сақталған. Ал, кейінгі жерлеу құрылыстары төртқұлақ, темір қоршаулар, сағана түрінде салынған.
Қорымдағы үстірт аймағынан әкелінген құл­пы­тастар ерекше маңызға ие, қорымның тарихи құндылығы да сонда жатыр. Мұнда жеті құлпытас орналасқан. Барлық құлпытастар теңіз бақалшақтары мен құмшауыттан түзілген тастан қашалып алынған. Бүгінгі күні аталмыш қорымды мемлекет қорғауына алып, облыстық және жергілікті бюджеттен  Қармақшы ата кесенесі мен қорымына қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары рәсімделді.
Сонымен бірге, Жосалы кентінің оңтүстік-шығысында орналасқан Марал ишан және Қалқай ишан қорымында, оңтүстігімізде 18 шақырымда ор­наласқан Қорқыт ата қорымында және Төребай би ауылының маңы мен Тәйімбет Көмекбаев ауылдарының маңдарынан бір-екілі құлпытастар да кездеседі. Ал, көзге көрінбей көмескелеу күйде жатқандары қаншама.
Қорыта айтқанда, тарихшы маман­дар­дың ба­ға­лауынша, қазақ құл­пытастарын зерттеу төл тари­хымыздағы тұғырлы тұлғалар тағдырындағы түйіт­кілдерді тарқатып, түгендеу үшін өте қажет. Сондай-ақ,  елімізде дамып келе жатқан эпиграфика ғылымына да қосылған үлес болар еді.
Айдынбек СКЕНДІРОВ,
аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жыраулар үйі» МКҚК-ның маманы.
 
04 қаңтар 2018 ж. 5 566 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031