» » ТУРИСТІК ЭКСПЕДИЦИЯ АУДАНЫМЫЗДА

ТУРИСТІК ЭКСПЕДИЦИЯ АУДАНЫМЫЗДА

Маусым айының басында Мәскеу төрінде бастау алған «Еуразия жүрегіне саяхат – 2025» бірегей туристік танымдық экспедициясы тарих пен тағылым ордасы Сыр өңірінде жалғасты. Құрамында Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттерінен келген 100-ден аса турист сан ғасырлық тарихы бар қалаларды аралап, әдет-ғұрпы және мәдениетімен танысуда.
Танымдық экспедициясының мақсаты – Орталық Азия елдері мен Ресей арасындағы іскерлік, гуманитарлық және ғылыми байланыстарды нығайту, сондай-ақ халықаралық әріптестікті дамытуға бағытталған.
Жуырда Сыр өңіріне арнайы келген халықаралық туристік экспедиция мүшелері Байқоңыр мен киелі ауданымызға табан тіреді.
Туристер бірінші кезекте әлемге әйгілі Байқоңыр ғарыш айлағына барды. Қонақтар ғарыш зымырандарының ұшу алаңы мен тарихи музейді аралап, адамзаттың ғарышты игеру жолындағы алғашқы қадамдарына куә болды.
Мұнан соң, экспедиция мүшелері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Байқоңыр қаласындағы «Тағзым алаңына» барып, мәңгілік алау жанына гүл шоқтарын қойды.
Сапар әрі қарай ауданымыздағы Қорқыт ата мемориалды кешенінде жалғасты. Мұнда туристерді қазақтың салт-дәстүріне сай ұлттық киім киген өнерпаздар қарсы алып, арнайы әзірленген дәмнен ауыз тигізді. Қонақтар кешен ішіндегі Қорқыт мұражайын аралап, ұлтымыздың тарихи-мәдени құндылықтарымен жақын танысты.
Бұл сапардың мақсаты – Еуразия кеңістігіндегі тарихи нысандар мен мәдени мұраларды дәріптеу, мемлекетаралық туризмді дамыту және Сыр өңірінің бай тарихын таныстыру.
Айта кетейік, «Еуразия жүрегіне саяхат» халықаралық экспедициясы барысында екі ай ішінде қатысушылар 8 мың шақырымнан аса жол жүріп, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдеріндегі 30 қалаға барады.
«ҚТ» ақпарат
28 маусым 2025 ж. 54 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (10417)

04 шілде 2025 ж.

№48 (10416)

01 шілде 2025 ж.

№47 (10415)

28 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 999
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031