» » Ауданда халықаралық музей күні аталып өтті

Ауданда халықаралық музей күні аталып өтті


Кеше ауданда тарихи-мәдени мұралардың ошағы саналатын музей күніне орай «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінде және аудандық тарихи-өлкетану мұражайында тағылымы мол, мәдени көпшілік іс-шаралар өтті.
Айтулы күнде «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінде ашық есік күні мен «Қорқыт: Ақиқат пен аңыз» атты іс-шара ұйымдастырылды. Мәдени іс-шараға аудан басшысы Әділбек Ерсұлтанов қатысып музей қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Мерекелік іс-шарада жас жыршылар жырдан шашу шашып, «Тұсау кесер» салтының көрінісі қойылып, викториналық ойындар мен ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының суретшілер одағының мүшесі, саяхатшы М.Төтеевтің шеберлік сағаты өтті.
Әрі қарай мәдени көпшілік іс-шаралар тізбегі аудандық тарихи-өлкетану мұражайында «Музей – мәдени құндылықтар мекені» атты іс-шарамен жалғасты.
Іс-шарада «Қасиет қонған Қармақшы» композициялық көрінісі қойылып, мұражай ғимаратында көркем сурет залының ашылу салтанаты өтті. Сондай-ақ, Сыр сүлейлері Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 140 жылдығы және Балқы Базар Оңдасұлының 180 жылдығына орай жырдан шашу шашылды.
Сонымен қатар, музей күніне орай арнайы көрмелер ұйымдастырылып, «Музей түні» жобасы аясында мұражайдың экспозициялық залдары бойынша сағат 00.00-ге дейін экскурсиялар ұйымдастырылды.

19 мамыр 2022 ж. 1 145 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031