» » Отбасымызбен жеңіп шықтық

Отбасымызбен жеңіп шықтық

Пневмония. Қарапайым халық індеттен ес жиып, енді ғана еңселерін тіктей бастағанда, екінші жақтан соққы болған мына кесел шошынып қалған ел-жұртты қайта есеңгіретті. Карантин шырмауынан біршама құтылдық па деген де керісінше ушыққан үстіне өрши түсіп, бәледей жабысты. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған халық, салы суға кетіп әбден састы. Әдепкі қарқында жедел-жәрдемге қоңырау шалуға қорқып қалған ел, бұл жолы дерт жанына батқаны соншалық үсті-үстіне қоңырау шалып шақыртуларды көбейтті. Міне, індеттің екінші легі табалдырығымыздан батпандап кіріп, төрімізде осылайша мысқылдады.Бұл дерт төбемізге шықты екен деп бізде қарап қалмадық. Қолымызда бар дәрі-дәрмекті қабылдап үйде жатып ем-шара жасадық. Қазақилыққа да салындық. Әйтеуір психологиялық тұрғыда бойдағы үміт пен сенімді серік етіп қарсы күрестік. Жоқ. Болмады, сонда да ақхалаттылардың аялы алақаны жетіспеді. Екпеден қорқатын бойдағы үрей бұл жолы кішкене иненің шипалы құдыретіне зәру болды. Аты жаман кесел ақхалатты абзал жандардың қадірін осы жерде тағы бір ұғындырды. Оған дәлел пневмониямен аурухана түсіп, емделіп шыққан Жеңіс ағамыз бен Бағила тәтеміздің әңгімесі үн қосты. Телефоннан шыққан жарқын дауысы расымен дәрігерлердің көмегімен аурудан құлан таза айығып шыққанын білдіріп тұр.
– Дерттің алғашқы белгілері бірінші аптада білінгеннен үйде жатып ем алдық. Бойда бірінші әлсіздік пайда болды. Келіншегім он күндей ауырып жатып қалды. Әдепкі кезде тұмау шығар деп ойладық. Одан кейін мен ауырдым, сосын ұлым... Бір үйде үшеуміз бірдей ауырғасын дәрігер Алтынай Жүсіповаға хабарласқанымызда ол рентгенге түсуге кеңес берді. Содан дереу барып өкпемізді рентгенге түсіргенде пневмонияның асқынып бара жатқанын айтып, жедел терапия бөліміне жатқызды. Міне осында он күн жатып ем қабылдадық. Мұндағы дәрігер, медбикелердің қызметі көңілімізден шықты. Жиі келіп жағдай сұрауы, тәртіп тазалығы, уақытылы салған ем-домы кемшіліксіз. Осыдан кейін ақхалаттыларға қалай алғыс айтпасқа?, – дейді қуанышын жеткізген Жеңіс ағамыз.
Біз қазақ жалпы ауырсақ өзімізше ем жасап, ауырмаудың жолын жасаймыз. «Тәуекел жазылып кетемге» басып үйде жатып аламыз. Алайда қазір сол ұстанымға салынып, дәрігерге көрінбегеннің кесірінен талай адам өмірден өтіп жатыр. Қазақ «Ауруын жасырған өледі» деп бекер айтпаған. Бүгінгі кейіпкерлеріміз мұндай қазақилыққа салынбауға кеңес береді.
– Басымыздан өткесін шырылдаймыз ғой. Мұндай күйге ешкімнің түскенін қаламаймыз. Аурудың алғашқы белгілері байқалғаннан дәрігер шақыру керек. Мұндайда араша болар тек медицина қызметкерлері ғана. Өз бетінше ем жасағанды қою керек. Барлық ел-жұртқа айтарым, әуелі Алла, содан кейін осы ақхалатты абзал жандар дер едім, – дейді ол.
Несіпбаевтар әулеті өз кезегінде аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Сағилатұлы бастаған барлық дәрігерге, оның ішінде ағайынды Динара мен Алтынай Жүсіпова, Ұлықбек Абдулхамитов, Әсима Қазантаева, Бибінұр Қаражанова, Гүлсім Жолдыбаева, Маржан Кемелова және Айгүл Тәуекеловаларға сапалы қызмет көрсеткені үшін алғыс айтады. Алдағы уақытта қызметтеріне жеміс, жүздерінен ешқашан жылылық кетпесін деген жүрекжарды лебізін жеткізуде.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
21 шілде 2020 ж. 883 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031