» » СЕРІКТІҢ ШЫМШЫМАЛАРЫ

СЕРІКТІҢ ШЫМШЫМАЛАРЫ

Бірде «Сырдың сері Серігі» атанған Серік Ыдырысовтың үйіне жақын інісі мен келіні келеді.
Серік дастархан басында екеуінің түріне қарап, жайдан-жай келмегенін түсіне кетеді.
Содан шай ішіп отырып келіні сөзді бастайды: – Қайнаға мына ініңіз үйге қонуды қойды. Мен шаршадым, ініңізге ағалық ақылыңызды айтыңыз, – дейді.
Сонда інісін келінінің алдында жерге қаратқысы келмеген ақын:
–Келінжан, еркектің міндеті үйді күзету, ал әйелдің міндеті еркекті түзету. Сондықтан менің інім осы үйдің үй болып кетуіне еңбек етіп жүрген шығар, сен кемшіліктері болса түзетіп жібер. Ақылың бар ғой деп ашу артын әзілге ұластырып, екі жасты қайта табыстырып жіберген екен.
Сәкеңнің жақын бір інісі ауылдан қалаға келген сайын қоңырау шалып, мекен-жайын сұрап қоймады. Бірақ, өзі келмейді.
Міне, осы жолы да сол інісі ағасына звандап:– Аға адресті айтып жіберіңізші, мен қазір үйге барып, сізге сәлем берейін деп, – дейді.
Сонда Сәкең інісіне былай деп жауап айтқан екен:
–Мерей сегіз,
Квартира жиырма сегіз.
Званокты басып, Серік бар ма деңіз.
Алдыңнан шығар әп-әдемі әйел семіз,
Көрсетсе ол жылы лебіз,
Бұйырғанын жеңіз,
Ақынның әйелі телегей теңіз, – деп жауап қайтарған екен.
***
Сәкең Қызылорда қаласына көшкен кезі екен. Содан сол қаланы басқарып отырған бір жақын ағасына барып үй-жай салуға жер сұрайды.
Дархан жүректі ағасы ақынға жер беру туралы шешім шығарып, оны орындауға мамандарға тапсырады. Содан Сәкеңе жер беріледі.
Бір күндері той-томалақта манағы жер берген ағасы мен Серік ақын кездесіп қалып, жағдай сұрасқан соң,мән-жайын сұрайды. Сонда Серік ақын ағасына қарап тұрып:
–Оң жағында мола,
Сол жағымда зона.
Ортасынан жер бердің,
Оған да шүкір тоба, – деген екен күліп.
***
Тағы бірде көшеде кездесіп қалған жақын ағасы Серікке қарап:
–Сәкенжан сен ақынсың ғой. Мен мына жерден жаңа монша ашып едім. Енді соған ат қоя алмай тұрған жайым бар. Айналайын серікжан сен ақынсың ғой, осы моншаға ат қою саған бұйырған екен. Сен қалай атайсың, солай болады, – дейді.
Әзілкеш Серік ақын ағасына бір, моншаға бір қарап тұрып:
«Кетелер, тегін түсте кете бер» деп қойыңыз аға деген екен.
Бұл әзілге ренжімеген ағасы күліп, ризалығын білдірген екен.
Жинаған Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
03 шілде 2018 ж. 1 637 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 000

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031