» » ҚАРА ҚИСЫҚ БАТЫР

ҚАРА ҚИСЫҚ БАТЫР

Бес қаруын асынған,
Беттескен жауын қашырған.
Туралап тартқан садағы,
Тимеген кейін жасыннан.
Ерегіскен дұшпанын,
Енді қайтып келместей
Көз көрмеске асырған.

(Базар жырау Оңдасынұлы)
 
        
Қадым замандардан қалған қағида Елді Ер бастайды. Ат ауыздықпен су ішетін күндерде де алға шығатын тағы да сол Ер-азаматтар. Халқымыздың Отаншылдық сезімін оятып, тарих көшін бастаған ондай жандар елі мен халқының аласармас рухына айналады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер бағдарламасын қолға алуды ұсынған». Ел есінде сақталған біртуар перзенттері арқылы жас ұрпақтардың туған жер тарихын тануына ықпал жасайды. Соның бірі Қара Қисық батыр. Қара Қисықтың руы – Құлыс Кете, оның ішінде Аю. Жас кезінде балаға әруақ қонып, атпен шауып жүреді екен. Елде Қаражабай деген би болған екен. Оның руы Сарманбет, оның ішінде Бостыбай аталығына жатады. Бірде Қаражабайдың насыбайы таусылып, ашуланып отырған кезде Қара Қисық келеді. Балам Насыбайды тауысып отыр едім деген Қаражабайға Қара Қисық атқа мініп шауып кетеді де насыбай әкеліп береді. Сонда Қаражабай «Балам алдың жарық, артың тұман болсын», - деп бата беріпті. Қара Қисық кеткен соң кемпіріне «Қарашы батаны келте беріп қалдым-ау» деген екен. Кемпірі далаға шығып қараса Қара Қисықтың арты тұман болып бара жатқанын көреді. Оны көріп Қаражабай әттеген-ай деп өкініп қалған екен. Батасы қалт кетпей даңқты батырдың балалары елеусіз болып, ақыл-ес науқасына шалдыққан екен дейді. Арқада Қараманбет ханға сәлем береміз деп елдің игі жақсылары аттанады. Қара Қисыққа ешкім айтпайды. Бірақ өзі соңынан атпен шауып барып, ханға сәлем береді. Хан мына бала кім? – дейді. Сонда біреуі бұл әшейін жүрген бала ғой, - дейді. Сонда Қара Қисық айтқан екен. «Бұлар атасының басын өңгеріп жүрген, мен атамның басына тең келіп жүрген адаммын, атамды сұрап не етесіз, атам менің некесіз», - депті. Сонда хан: Мынау адам болайын деп тұрған бала ғой, кел қасыма отыр деген екен. Қоқанның қазақпен жауласып тұрған заманында Хан сарғасқа Тоғанас батыр мен Қожеке батырды шақыртып Қара Қисықты қосып Хиуа хандығына барып, барлауға тапсырма береді. Сонда Қара Қисық «Өлсем мен өлейін, құнымды ала аласыңдар», - деп Хиуа хандығына барады. Қару-жарағымен хан сарайына кіріп, сәлемдесіп, ханмен табақтас болады. Асты алмас бұрын Ханға пышақпен сылып май асатады, хан жегеннен кейін барып өзі тамақ жейді. Себебі ол кезде қастасқан адамға «у» беріп өлтіру деген болған ғой. Екі ел арасындағы бітіспес мәселелерді шешіп, жауға шапқанда ерекше батылдығымен танылған. Ерлікпен қатар батырдың ақындығы да болған. Қара Қисық батыр 50 жасқа жетпей қайтыс болған. Сүйегі Қарақұмда Ешкі қырылған деген жерге жерленген екен. Көзі тірісінде «Маған белгі салмаңдар, жаулар сүйегімді өртеп жібереді» деген екен. Қазір Тұрмағамбет ауылының бір көшесі Қара Қисық атымен аталады.
Бұл әңгіме ауыл ақсақалдары Бектібай Дұрысбаев, Запа Дәулетбаев әкелеріміздің айтуымен жазып алынған.
 
 
«Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің» директоры
Тасымова Зарипа Жаппарқызы
14.12.2017 жыл
29 желтоқсан 2017 ж. 2 361 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031