» » Ақмарал КІШКЕНТАЕВА: Қауіппен күресті күшейте түсеміз

Ақмарал КІШКЕНТАЕВА: Қауіппен күресті күшейте түсеміз


Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық телеарналар арқылы еліміздегі ахуалға орай телевизиялық үндеу жасағаны баршаға белгілі. Ол өз үндеуінде пандемиямен күрес барысындағы ел көкейіндегі мәселелерге баса назар аударды. Қауіпті індеттің жеңілер түрі жоқ. Сол себепті де екі апталық карантин енгізілді. Ол туралы Мемлекет басшысы «Себебі бұл – өте қауіпті, батпандап кіріп, мысқылдап шығатын дерт. Сондықтан алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ» деп сабырлық танытуға шақырды.
Расымен, бұл жеңіл-желпі қарайтын нәрсе емес. Бұрын сенімсіздік танытқан жандар, бүгінде сақтық шарасын күшейтті. Әлде де болса бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып аты жаман індетпен күресуіміз шарт. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бұған қарапайым тұмау деп қарау – қате пікір. Бұл өте қауіпті әрі жауыз ауру. Әлемде бұл ауруды жұқтырғандар саны 12 миллионға жетті. Қайтыс болғандардың саны артып барады» деп селқос қарауға болмайтынын жеткізді. Ауру салдарынан қазақ даласының арыстары өмірден өтуде. Қимасынан айырылған әрбір отандасымның жанұясына сабыр тілеймін. 13 шілдені қаралы күн деп жариялау, ел қайғысы ескерілген дұрыс шешім деп ойлаймын. Сақтық шарасын сақтап, тәртіпке бағынып, жұдырықтай жұмыла әрекет етсек, бұл күндердің де артта қалары сөзсіз.
Ақмарал КІШКЕНТАЕВА,
«Қармақшы Жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы
09 шілде 2020 ж. 865 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031