» » 1 күнде 100 қоңырау (фоторепортаж)

1 күнде 100 қоңырау (фоторепортаж)


ЖОСАЛЫ, 25 маусым – qarmaqshy-tany.kz

– Алло, 103 па? Жедел жәрдем шақырайын деп едім.
– Тыңдап тұрмын, айта беріңіз, шағымыңыз қандай? Көшеңізді айтыңыз, - деген диспетчер қоңырауды қабылдап боп тереңірек бір күрсінді.
Аудандық жедел жәрдем бөліміндегі кезек күттірмейтін бөлімшеге келгеніміз сол-ақ еді. Аң-таңбыз. Сала мамандарымен сұқбаттасу үшін енді тек орайлы сәтті күту қалды. Жан-жақтан шақыртуларды қабылдап болып, ентігін енді ғана басқан Гүлшат Татишова басын бір шайқады.
– Көп. Шақыртулар күн сайын көбейіп келеді. Карантин уақытында аз түссе, қазір тәулігіне 40-қа жуық қоңырау қабылдаймыз. Шағымның басым бөлігі дене қызуының көтерілуі, жөтел. Біздің 45-бригадада қазір 16 адам екі ауысыммен қызмет атқарады, – деп ағынан жарылған диспетчердің сөзін «вызовтан» келген Нұрболат Байтөлепов бөліп жіберді. Уақыты мен барып-келгеніне есеп берген соң назары бізге ауды. Шаршаса да жігері жонбаған жас жігіт күлді де тіл қатты.
– Сегізов көшесінен келе жатырмын. Дене қызуы көтеріліп, жөтелі күшейген екен. Бүгін жұмысқа 8.00-де қосылдым. Сағат қазір 11.00. Осы аралықта 4 үйге шақырту алдық. Оның 3-еуі дене қызуы көтерілгендер. Менің алдымдағы ауысымда болған фельдшер бір түнде 25 шақыртудан шықты, – деді ол арнайы қорғаныш кәстөмін шешіп жатып.
Иә, мұнда барлығы минут, сағатына дейін есепке енеді. Шақыртулар үсті-үстіне түскен соң үлгере алмай жататын кездері де бар. Соны жұртшылық түсінсе екен дейді олар. Әңгіменің тіні тарқатылып жатқанда тағы бір қоңырау түсті. Бұл жолы да дене қызуым көтерілді деп шағымданған тұрғын екен. Бригадамен ілесе еріп облыстық жедел жәрдем бөліміне қарайтын бөлімшеге жол тарттық. Мұнда да бір тәулікте 45-55-ке жуық шақыртуға қызмет көрсетеді. Атқарылған қызметтер легін бөлім меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы Ғазиза Сәрсенова мен аға фельдшер Үміт Шадиева баяндап берді. Бірақ бұл жайында кейінірек. Жұмыс қауырт. Уақыт шектеулі...

Айнұр ӘЛИ,
Ерсін Сәдуұлы (суреттер)








25 маусым 2020 ж. 1 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031